1.Анықтама. Қасқыр - сүт қоректілер класына жататын, баласын сүтпен асырайтын, жоғарғы сатыдағы жыртқыш жануар.
2.Сөзтаным. А) Арлан, көкжал, бірішек – қасқырдың еркегі.
Б) Абадан – қасқырдың көсемі.
В) Бөлтірік – күшігі.
Г) Шулан, құртқа – қаншығы.
Ғ) Ұлыма, бөрі, итқұс – табу сөздер.
3.Таралуы. Барлық құрлықта таралған.
4.Сезім мүшелері: Иіс сезу, көру, есту мүшелері жақсы жетілген.
5.Көбеюі: көктемде күшіктейді.
6.Пайдасы. Қасқырлар санитарлық қызмет атқарады. Терісі пайдалы.
7.Зияны. Адам өміріне қауіп төндіреді.
8.Қорытынды. Қасқыр – жыртқыш аң.
Жақсы Жауап
жеміс жидек өте пайдалы
Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. Экзокарпий мен мезокарпий клеткаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің клетка шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында белок, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.
мысық Оқушы 12.01.2012 жауап берді
Ана- әрбір баланың дүниедегі жанашары,қамқоршы адамы,Ана ол бір қадірлі жан,Анамыз бізді ақ сүтімен емізіп ,ұйқысын төрт бөліп өсірген жан,Сондықтан анамызды ренжитпей,шаттандырып, қуантып,берген ақылдарын тыңдап жүруге тиістіміз,Менің анам өте мейрімді жан,Оның мейрімділігі осы күнге дейін таңғалдырады,Таңертең тұрғанда , отбасымызға хош иісті шәй дайындап, ,біздің сүікті асымызды дайындап береді,Мен анамды ешқашан ренжітпеймін,сабағымды жақсы оқып ,болашақ мамандығымды алуға тырысамын,Алыс сапарларға шыққанда анамды қатты сағынамын
Асыл ана
Ана... Ана деп басталған әр күніміз. Сөйлегенде ана деп сөйлегенбіз. Анамызды қатты жақсы көреміз. Не дегенмен ол жақсы көруге лайықты жан. Оның құшағы әрдайым ашық. Сені бағып, қағып, өсірен ,жетілдірген де осы анаң. Сені қатты жақсы көртін де анаң.
Анамыздың орны осы өмірде ерекше. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызыңды төлей алмайсың. Ертеден-ақ осы аналарымызды сыйлаған, оның орны ерекше деп білген.
Анаңды сыйла оны жақсы көр. Анаңды құрметте, өмір сыйлаған адамды аяла, сыйла!.