Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген,күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанды және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген.
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
<span><span><span>Пословицы на казахском языке (<span>Мақал-мәтелдер) </span>о здоровье</span>
</span>
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
Денсаулық — зор байлық.
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
Аяншақ көзге шөп түскіш.
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
Жасырғанның жарасы асқынады.
Өлгенге өкпе жүрмейді.
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.
Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.</span>
Балам, дүкенге барып тағамдар әкелейік.
Анашым, дүкеннен не сатып аламыз?
Барғасын көрерміз, мүмкін жартылай дайын
өнімдер алармыз.
Жарайды, барайық, бірақ өнімдердің сақталу
мерзіміне назар аударайық
Ия, кейде дүкендерде мерзімі өткен өнімдерді
де сата береді.