Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады
Ответ:
Объяснение:
Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,
Бәлкім көптеген халықтарда Жеті санының қастерлі болуы, әсіресе апта санауының жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек.
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/28715644#readmore
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/3678-happy.html#read
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Компьютердің пайдасы:
көп ақпарат ала аламыз;
уақытты тиімді пайдаланамыз;
әр түрлі бейне суреттер, кинолар, әуендер тыңдаймыз;
кестелер сызып, құжаттар жазамыз;
Зияны: денсаулыққа зиян, тәуелділік пайда болады, көп уақытыңды жоғалтасың.
Толағай туралы аңыз.
<span>Бұрынырақта Сарыарқа жерінде Бірнеше көшпелі ел өмір сүреді.Олар өте бақытты болады.Оларда бәрі болды және олар Бізде бәрі бар,барлығы жеткілікті тек бір ғана нәрсе жоқ,ол бізде елді қорғайтын батырдың жоқтығы дейді.Сол уақыттарда бір шаңыраұта алтын тұлымды ұл бала дүниеге келеді.Бір таң қаларлығы бұл бала басұа балалардан өзгеше болады.Бала күн сайын,сағат сайын өсіп аз уақытта нағыз батыр болып шығады.Оның туыстары оған көз тимеу үшін өз атымен емес-Толағай деп атайды.Бір жылы жауын жаумай,жер құрғап қалады.Елдің жағдайы Толағайды қатты ойландырады.</span>