Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!
Айтса, сөйлесе, жазса, байқаса, қараса, жасаса, көрсе, құрса, қойса, күлімдеп сұраса, отырса, таңдаса, салса, тапса, барса.
жолдан танысын көрсе, міндетті түрде амандасатын. оқушы сұрақ қойса, мұғалім жауап береді. жақсылық жасаса, ол өзіне қайта оралады. ұқыпты жазса, тіптен тамаша болар еді. онда ерте барса, ешкім болмапты.
Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, дамыған мемлекеттер арасында ЕЫҚҰ мүшелігіне қабылдануымыз. Тұңғыш рет елімізде Азиада алауы тұтанып, қазақ елінің мерейі үстем болды. Ел болып егеменді қазақ елі,Алматым сұлу көркі асқақ еді.Жөнелтіп ұлы көшті Арқа жаққа, Нұр ағам нұрлы жолға бастап еді. Біздің осындай мақтанышпен қарайтын Алматы және Астана қос қаламыздың келбеті әлем тарихынан орын алды.Астана қаласы азғана уақытта салтанатты гүлденген қалаға айналды. Бұл Тәуелсіз елімнің басына қоған бақыты екені айқын.Қазақ елінің терезесі теңеліп, осында тұратын елімнің ынтымағы мен татулығы жарасқан. Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы қазіргі жастар мен жас жеткіншектер біздің келешек ұрпақтарымыз. Келешекте қазақ елі бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізіп, ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ елім, тұғыры биік алыпсың,Егемен елім тарихыңа қанықпын.Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп,Берекесі мен бірлігі артсын халықтың! Тәуелсіз қазақ елінің айы оңынан туып, биіктерден көріне берсін.
Менин суикти фильмим "Менин атым-Кожа".Бул фильмде басты рольды ойнайтын Кожа.Кожа фильмдеге Жанар деген кызды жаксы коретин.Жанар Кожанын сыныптасы.Ол уздик окушы тугын.Фильмде тагы Кожанын анасы ,мугалими жане достары тусурилген.Бул кинонын повестьи бар.