Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Торғай
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді.
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.
Ағайын — алтау,
Ана — біреу.
Пусть ноутбук спасёть))))
Отправ фото или напиши!!!
Математика (Есеп) сабағы маған қиын болып жүр. Есеп шығара алмай қиналамын.
Онда екеуміз бірге шығарайық, мен саған түсіндіремін.
Рахмет, мен енді сенімен бірге үй тапсырмаларын орындаймын.
Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.
Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.
Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сондықтан бүгін осы тақырып жөнінде кеңірек тоқталамыз.