Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. Мақал Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; -Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; - Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; - Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; - Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; - Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; - Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; - Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; - Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; - Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой; - Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын. - Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой. Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бир рет алады.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды.
Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.
Еңбек дәмін татпаған дәм біліп пе?! Қалай айтып ұқтырам әңгүдікке! Айналдырсаң уақытты ащы терге, Айналмақ тер уақыттай мәңгілікке!
Ғайып уақыт, Мен сенен оза алдым ба! Саған қолы жетпейді ажалдың да. Қызығына батқанда қыз-жұмыстың, Жоғаласың зым-зия көз алдымда. Мейірбанды өзіңнен қас жауым да. Сенен қорқып қартайды-ау жас жаным да, Сәл қол үзсем жұмыстан, Қасапшыдай Тұрасың да аласың бас жағымда.
Өлең авторы: Қадыр Мырза Әли (өлең тақырыбы: Уақыт – мезгіл пернесі)