Менің бос уақытым.
Бос уақытымда мен киноға жиі барамын.Мен кітап оқығанды, теледидар қарағанды жақсы көремін.Бос уақытымда мен волейбол ойнағанды, ал қыста коньки тепкенді ұнатамын.Мен табиғатты жақсы көремін.Сондықтан достарыммен бірге табиғатта демалғанды жақсы көремін.Әріне бос уақытымда мен үй шаруасымен де айналысамын.
Би ол адамға өте пайдалы. Биде жаттығу жасайды жəне билейді. Бидің түрі өте көп мысалы вальс,танго,хип - хоп жəне басқалары.Бидің озінің арнайы киімі бар.Биге баратын болсақ шашымызды түйіп келу керек. əр ай сайын экзамен тапсырады.
Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая түсуде... Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі-өнегеңіздің арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір ерекше сағынатын болыппын. Асыл анам... мен Алматыға алға қойған асқақ армандарыма жету үшін келдім. Сіздің үмітіңізді ақтап, өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп өз-өзіме серт еттім. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға үйреттіңіз. Жеңіске жетсем сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді , қандай қиын сәттерді бастан өткергенімді еске салып отырдыңыз. Осы үшін мен сізге қанша алғыс айтсамда артық болмас сірә. Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам... Сіз маған өмірде барға қанағат етуді үйреттіңіз. Өзіңіздің қандай қиындықтарды көргеніңізді айтып отырдыңыз, сол арқылы мен осы күніме шүкіршілік етуді үйрендім. Сіз менің қателіктерімді кешіре білдіңіз, еркелігімді көтере білдіңіз. Аяулы анам, менің сізден аларым әлі көп. Мен өмір теңізіндегі осы бір жолға аттанарда маған айтқан әрбір сөзіңіз, үмітпен қараған көздеріңіз мені алға жетелеп келе жатқандай. Мен сізбен бір күн сөйлеспей қалсам, сәби жүрегім сізді сағынып тұрады. Аяулы анам... Мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлға сізсіз. Жаратқанымның қолдауымен сіздің балаларыңызға деген махаббатқа толы жүрегіңіз, мөлдіреген көзіңіз жыламаса екен деп тілеймін... Анашым... Мен ешқашан жаман жолға түспеймін, себебі мен сіздей алтын ананың бөбегімін.
Көртышқан жәндік қоректілер. Қазақстанда екі түрі кездеседі.Жұпартышқан және тек Алтайда кездесетін Алтай көртышқаны.
Оның дене тұрқы 23-см, ал құйрығы 3см.Жүні майда, үлпілдек,қоңырқай түсті. Жотасы қоңыр, бауыры күңгірт болады. Алдыңғы аяқтары қазуға бейім,қысқа, алақаны жалпақ және сыртына қараған тырнақтары да ірі жалпақ.Жер астында тіршілік етеді.Терісі бағалы, зиянды жәндіктермен қоректенеді.