Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!
ВАбай (Ибраһим) Құнанбаев.
(1845-1904)
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.
Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П.Михаэлиспен танысып, орысша білімін терендете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.
Абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Атақты данышпан Сократтың да шығармасын бәлген.
Абай В.Г.Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. А.С.Пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан.
«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды «Амал жоқ, қайттым білдірмей» / «Татьяна хатына»/ әнін шығарды. Сондай-ақ И.А.Крылов, М.Ю.Лермонтов, И.Гете шығармаларынан да аударды.
Абай қазақтың ән-күй творчествосын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған. Өзі «Айттым сәлем қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып» тағы басқа әндер шығарған.
<span>Абай «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп, жалпы адамзатты түгел сүйетін, гуманизм биігіне шақырады</span>
Атау септік баянауыл
Ілік септік баянауылдың
Барыс септік баянауылға
Табыс септік баянауылды
Жатыc септік баянауылда
Шығыс септік баянауылдан
Көмектес септік баянауылмен
Бугин менин туган куним болады .менин туган куним болса оте катти куанамын.ол кезде сыйлактар акеледи .мен сыйлык алганды жаксы коремин.мине менин туган куним
Антоним: 1.Епті-епсіз, ора шолақ. Тіршілік етеді -тіршілік етпейді. Ұқсайды-ұқсамайды. Жылдам - баяу. Акылды-ақымақ.
Синоним:
епті, ширақ, еті тірі.
тіршілік етеді, өмір сүреді, күн көреді, ғұмыр кешеді.
ұксайды, аумайды, аузынан түскендей.
жылдам, шапшаң, тез, лезде.
ақылды, парасатты, ойлы, зиялы, көзі қарақты.