Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттықжайлайтындықтан —«жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан —«жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті «Авеста» кітабында, XI ғасырдағы түрісі тілдерінің энциклопедиясы —«Диван лұғат -ат - түрк» сөздігінде, сондай- ақ қазақ халқының қиял- ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа «Ахуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған.
Даланың, дала, далалар, далада, далалық
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз
Пышыны алмурт
Колданады барша журт