Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
Адамзаттың жер-анаға деген ықыласы ерекше. Топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. Әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген Отанымыз бар. Алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? Өзінің меншікті жері жоқ адам, ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма?Әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. Ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? Жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі адамға қалқан болуды қалайды. Ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған адаммен бірдей. Бірде бір адам қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. Сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. Әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. Уақыт өте сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда.<span>Жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. Бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? Бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. Кезінде «Шаңырақ», «Бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? Еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. Ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. Мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. Бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. Қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым-балам қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. Кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. Қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. Өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, Алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.</span>
Асты-устеу, нда- жатыс септик, ғы -журнак
СЯЛЕМ АЛИЯ
СЯЛЕМ БАГДАТ
КАЛАЙСЫН
ЖАКСЫ
ОЗИНШИ
ЖАКСЫ
САГАН СУРАК КОЙСАМ БОЛО МА
ИЯ
СЕН ШАШКИ ОЙНАУДЫ БИЛЕСИН БЕ
ИЯ
АЛ СЕНШЫ
ИЯ