-Адам ағзасына судың маңызы зор.
-Адамның әлсіз мүшелеріне судың тигізетін септігі мол.
-Иә,күніне 1-1,5 л су ішіп тұру әр адам үшін маңызды.
-Су ішсең сусын,тамаққа қосуға,ыдыс-аяғыңды,кіріңді жууға көмегі бар.
Өсімдіктер сол арқылы өседі.Оның арқасында біз таза ауа ала аламыз.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есіміМұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері —10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) —қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным»деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Мектептің, отбасының тәрбиесінің жеке тұлға қалыптастыру тұрғысында атқарар міндеті аса зор. Өмір сүріп отырған ортамызда қазір адамдар арасында қатты айырмашылық туындауы қоғамдық құбылыс. Жастар өз тұлғасын қалыптастыру үшін көп еңбектенуі керек. Бұрын қоғамдық сана жеке адам санасынан жоғары тұрған. Дарындылық жеке тұлға белгісі. Оның өмірге өзіндік көзқарасы бар.
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,— дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
— Мүмкін емес,— дейді.
— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
— Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.