Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Вот! Если не понятно прости. А так все правильно!
Должен быть текст к этому заданию
Где задание??
Фото ?
Извините что не могу помочь
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана еркелеп аққан Есілдің жағалауында орналасқан. Бүгінде әсем қала Астанамыз жылдан жылға көркейіп өсіп келеді. Биыл қазақ жұрты осы әсем қаламыздың құрылғанына 17 жыл толған мерейлі тойына қызу дайындалып жатыр.<span> Осыдан 17 жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы болып жарияланған. Ал 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Бүгінде Астана күні 6 шілдеде аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан республикасының Жоғары кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн қазіргі уақытта мемлекеттік мереке болып саналады.</span>