KZ-"Көшеде қар тез ерiді"
RU-"На улице снег тает быстро"
Сәлеметсіз бе балалар !
Менің атым Әлібек.Бос уақытымды мен пайдасымен өткізімен.Мен спортпен шұғылданамын.Қыста шаңғы,коньки тебемін.Жазда футбол ,волейбол ойнаймын.Сонымен қатар велоспортпен айналысамын.Спорт үйірмесінде біз жүгіреміз, секіреміз, әр түрлі жаттығулар жасаймыз.Менің тренерім Төлеген аға.
Туған өлке неткен кең, байтақ едің! Мен туып өскен жерімді ешқашан ұмытпаймын.Сонау Монғолия ,Қытай елдерінен келген қандастарымыз атамекенге оралды. Біздің Қазақстанымыз ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Ел мен жер біртұтас ұғым.
Ответ:Мәтін
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар.
Жылқы - қазақ халқының ежелден үлкен махаббатпен,сүйіспеншілікпен қараған төрт түлігінің бірі.
Себебі,ол адамзатқа өте көп пайда әкелген.Мінсе - көлігі,жесе - еті,ішсе - қымызы болған.Дана халқымыз: "жылқы — малдың патшасы,түйе — малдың қасқасы" деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Жылқы малы туралы талай ақын-жазушылар өз өлең-жырларын,шығармаларын арнаған.Ұлы ақын Абайдың өзі: "Шоқпардай кекілі бар,қамыс құлақ..." деп атты ерекше сипаттап жазған еді."Ер қанаты - ат" демекші,біз білетін батырлар жырындаға өр тұлғалы батырларымыздың өз тұлпарлары болған.Олар тек батырлардың мінер көлігі ғана болмаған.Қиындықтан алып шығар серігі де саналған."Түйе - байлық, жылқы - мырзалық" деген екен халқымыз.Шынымен де,жылқыны нағыз мырза,ер адамдар баптап,оған жай ғана мал ретінде қарамаған.Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасындағы Ақан серінің тұлпары Құлагерден айрылған сәті,оған ән арнауы жүректі елжіретпей қоймайды.
Сонымен қатар,жақсы жылқы талай ауруға ем болған.Ол туралы салт-дәстүрлер мен ырымдар да бар.Осы жылқы малымен көптеген ұлттық ойындар ойналады.Келешекте де жылқы малы қазақ халқының тұрмысында өз маңызын жоғалтпаса деймін.
Объяснение: