<span>АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ (сынып сағаты) Уразалина А.Д. Пахарь орта мектебі АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ (сынып сағаты) Уразалина А.Д. Пахарь орта мектебі Мақсаты: 1.Оқушыларға шешендік сөздердің мәнін ұғындыру 2.Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру Көрнекілігі:Үлкейтіліп салынған ата мен немере суреті.Өнегелі сөздер жазылған плакаттар. Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар! Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының “Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Алдарыңызда ертеңгіліктің жүргізушісі Дина Ережепқызы. Дина: Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? Әуез: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім, Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі. Көктен биік дегенім – тәқаппардың көңілі. Жанат: Алты алаш деген не? Данияр: Алты алаш деген – Алаш ханның алты балалары: Қазақ,Қарақалпақ,Қырғыз,Өзбек,Түркімен,Жайылхан. Қариполла: Не жетім? Маржангүл: Жаңбыр жаумаса – жер жетім, Басшы болмаса – ел жетім, Ұқпасқа айтылған сөз жетім. Алишер: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Жадыра: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты. Дина: “ӘКІМ” деген сөзді ажырата білесің бе? “Ә” дегені - әділ бол, “К” дегені – кекшіл болма, “І” дегені – ілтипатты бол, “М” дегені – менмен болма, мейірман бол. Салтанат: Үш сауап туралы не білесің? Асылхан: Үш сауап: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Ақерке: “Қазақ биі”. Дина: Қазақша күн аттарын білесің бе? Ерқанат: Бүгін – дүйсенбі, Ертең – сейсенбі, Бүрсігүні – сәрсеньі, Арғы күні – бейсеньі, Ауыр күні – жұма, Соңғы күні – сенбі, Азына – жексенбі. Фархат: Он ата Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене Туа жат Жүре жат Жек жат Жұрағат Әуез: Жеті қазына дегеніміз не? Ботагөз: 1)Ер жігіт.2)Сұлу әйел.3)Ілім-білім.4)Жүйрік ат.5)Құмай тазы.6)Қыран бүркіт.7)Берен мылтық. Дина: Жеті қазына дегеніміз не? Жанат: Қыдыр,бақ,ақ жаулық,ақыл,деңсаулық,тұз,ит. Маржангүл: Жұт жеті ағайынды дегеніміз не? Салтанат: Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел жүру. Қымбат: Кім жақын? Тату болса – ағайын жақын, Ақылшы болса – апайын жақын, Баурмал болса – інің жақын, Инабатты болса – келінің жақын, Алдына тартқан адал асың, Қимас жақын қарындасың. Дина: Не қымбат? Лаура: Алтын ұян- Отан қымбат, Құт берекең – атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірмді анаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Бәрінен де ұят пен ар қымбат.</span>
Национальные игры У казахского народа быт и обычаи, и игры в основном связаны были с четыре видами скота (лошади, верблюды, коровы и мелкий скот — овцы, козы)
Для игр они использовали кости животных,катышки овец напр есть вот такие виды игр Асык итд
Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды. Жер шарында полиглоттар өте көп. Мысалы атақты ойшыл, ғұлама Әл - Фараби жетпіс тіл білген. Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеуші, географ Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.
Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері.Сондықтан әр жасөспірім бір шет тілін меңгеруі міндет.