Үй балықтары деп аквариумда арнайы өсірілетін экзотикалық балықтарды айтамыз. Асырамастан бұрын- әр балықтың қандай ортада, қандай температурада, қандай көлемде су керек ететінін, не жейтінін білу керек. Жыртқыш балықтарды, тез қимылдайтындарын бөлек ұстау керек. Губан шестиполосый- суда күндіз жақсы жүзеді, өте тыныш балық. ұзындығы-8см. Қызғылт, сирень түсті, құйрығы жасыл, ол зиянды жәндіктерді жейді. Хирург голубой королевский-түсі көгілдір, құйрығы сары,үшбұрыш, жан-жағы қара жолақ. Жанында оташыларға тән суреттері бар. Шөптермен қоректенеді. Қосымша жемдеген де жөн. Спинорг пикассо прямоугольный-ірі, өте қызықты балық, аквариумның сәні. Ұзындығы 20-30см. Ромбо тәріздес, тістері өткір, жем салғанда сақ болған жөн. Мандаринка-өте әдемі. Ұзындығы-8см. Дөңгеленген, жалпақ, жүзгіш қанаттары бар.Түсі қызыл- қоңыр аралас, осы түстерінің- нүкте және жолақ тәріздес сызықшалар жүргізілген. Жүзгіш қанаттарының жан-жағы да көгілдір сызықшамен көмкерілген.Мандаринка-судың ең түбінде жүзгенді жақсы көреді. Түрлі коретра, мотыл, циклоптарды жейді. Мавританский идол- ұзындығы 16-22см. Қара және ақ жолақтармен көмкерілген. Ақ жолақтың үстінде сарғыш, жолақ дақтар бар. Ол үлкен аквариумды керек етеді. Әртүрлі тамақтанады. Лучистая крылатка-ұзындығы 20см. Денесі солғын қызғылт. Ал қанаттарында тік,ақ,қара және қызыл жолақтары бар. Кеудесіндегі жүзгіш қанаттары үлкен, жалпақ.Жүзгенде толқындана қозғалады. Кеуде қанаттарында-көк,қара және қоңыр нүктелері бар. Түсі сұсты, түрлі өткір тікендері бар. Королевская рыба-ангел-ұзындығы25см. Аузы сары, құстың тұмсығына ұқсайды. Денесі -көгілдір,сары және қоңыр бояулармен өрнектелген. Сарғыш құйрығына көк-қара өрнектер сән береді. Олар негізінде еркіндікті жақсы көреді. Ангел лирохвостовый украшенный-ұзындығы 18см. Құйрығы лира тәріздес. Денесі күміске ұқсайды. <span>Центропинг королевский или огненный-ұзындығы.-10см. Түсі атына сәйкес, от тәрізді ашық қызыл. Жандарында тік қара немесе қою қоңыр аралас сызықтары бар.</span>
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда, ғаламторсыз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Пайдасына келер болсақ:
- Кез келген құжатты тауып, оны басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламторда әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
9 мамыр-Герман фашистерін жеңген күн. Бұл мерекені теледидар арқылы атап өтеді. Адамдар соғыста болған туыстарының фотосуреттерімен жүреді. Көптеген саябақтарда концерттер өтеді. Барлығы әскери әндерді отбасымен тойлайды. Осы Ұлы Отан соғысын еске алып, оның батырларын еске алады.