Ақ боз киім. қара ала ит. боз ала торғай. қара шұбар жылқы немесе ат
Мұғалім:Ұстаз,тәлімгер
қадірлейді:құрметтейді
оқушы:білмеймін
құрдас:дос
Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы қазақ тілін және мәдениетін жақсы меңгерген. Қазақстанда еркін, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі ұлан байтақ еліміз бен жерімізді аман сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың арқасы. Осы бейбітшілік үшін ата-бабаларымыз, сан мыңдаған батырларымыз жанын қиды. Қазіргі таңда Қазақстан күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Еліміздің бас қаласы – Астана. Астана жас қала болса да, ерекше көздің жауын аларлықтай керемет. Сонымен қатар көкке асқақтай көтеріліп, еліміздің айбынына айналған бәйтерек те Астана қаласында орналасқан. Бәйтерекке күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден жиналған адамдар бір толастамай ағылып келіп жатады. Сондай-ақ Ханшатыр, Ақорда, «Қазақ елі» монументі сияқты ерекше көрікті жерлер аз емес. «Қазақ елі» монументі 2009жылы 20 қазанда еліміздің басты бейнесі ретінде бой көтерді. Монументтің биіктігі 90 метр. Ал рәміздерімізге тоқталатын болсақ, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба. Біздің еліміздің туы көк түсті. Ортасында күн мен қыранның суреті бейнеленген. Күн еліміздің болашағы жарқын, жолы ашық ел екенімізді білдірсе, қыран құс еркін, азат, тәуелсіз мемлекет екенімізді білдіреді. Туымыздың шеткі жағында алтын түстес бояумен боялған ұлттық оюымыздың бірі болып табылатын қошқар мүйіз бейнеленген. Ал Елтаңбамызда бидай қанатты пырақ, жұлдыз, шаңырақ орналасқан. Бидай еліміздің молшылығын білдіреді және қасиетті де, қадірлі нанымыз осы бидайдан алынады. Жұлдыз ол әрқашан кеңпейіл болашағымыз жарқын ел екеніміздің символы. Бұрындары адамдар жұлдыздарға қарап, ауа райын, жұлдыздардың бағыт-бағдарын анықтаған. Демек, жұлдыз біздің жұлдыздай жарқырап, әлі талай асуларды бағытдыратынымыздың нышаны. Қанатты пырақ қанатын кеңге жайып, даламыздың шексіз байтақ екенін білдіреді және тұлпардай жүйрік екеніміздің бірден-бір белгісі. Шаңырақ ол татулық пен бірліктің, ынтымақ пен күш-қуаттың белгісі ретінде алынып отыр. Шаңырақ біздің ата қонысымыз, көшпелі қазақ халқының жайлы баспанасы бола білген, қазақ үйдің төбесінде тұратын бір бөлігі.Қазақ халқы шаңырақты киелі деп санаған.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/10031-kazakhstan.html
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Қабыкен Мұқышев (1920-1976) - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.[1]
Еңбектері[өңдеу]<span>Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр кітаптары, пьесалары жарық көрді. 1959 жылы поэмалар жинағы басылып шықты. Бұған «Аппақ туралы аңыз», «Өкініш», «Достоевский туралы аңыз», «Гүлсім» атты төрт поэмасы енді. Ақын туындылары 1971 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылды. 1972 жылы таңдамалы шығармалар жинағы жарыққа шықты. Шығармалары: Алтын арқа. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948; Жақанның арманы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; Кірпі мен сұрмойнақ. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1958; Көршілер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Екі мысық. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1963; Мысық неге етіксіз? Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1965; Поэмалар. А., «Жазушы», 1970; Құзар шыңдар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Дана мен бала. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1978).[2]</span>
Ответ:
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойында ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сыртында орналасқан. Мектептің қасында үлкен саябақ бар. Саябақтың ішінде қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасында жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің артында үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алдында әдемі гүлдер егілген.
Объяснение: