Адамзат баласының жаратылу тарихына үңіліп қарасақ, Жаратушы Алла ең алдымен «Адам» атаны жара- тып, «Хауа» ананы оның қисық қабырғасынан жаратқан. Яғни, әйел еркек атаулының қабырғасынан жаралған әлсіз жаратылыс. Осы себепті кез-келген әйел ерлердің көмегіне мұқтаж, жылулығына зәру. Расында ерлердің ісін әйел қанша талпынғанмен жүзеге асыра алмайды. Себебі, бұл өмірдегі қай салада болмасын еркектің мысы басым. Бірде басылымның бас редакторы Қаныбек ағайдан мынадай оқиға естідім. Ашаршылық алапаты жайлап, халық аштан қырылып жатқан қайғыға толы жылдар екен. Қара халық үшін бір уыс бидай табылмас азық болатын сол кезеңдерде, бір отбасының отағасы атқа мініп, отба- сын асырау үшін тамақ табам деп жол жүріп кетеді. Аядай ғана қуыс кепеде жаңа туған ана мен өмірге енді ғана есік ашқан шарана қалады. Содан кеш батып, қараңғы бола бастағанда үйде ер адамның жоғын сезіп, кепенің айнала- сын бір топ қасқырлар қоршап алады. Бұрын-соңды ешбір жыртқыш жоламайтын еді, бұл не болғаны деп қорыққан отанасы не істерін білмей, абдырап қалады. Әлі мен қауқары жоқ жас ана жыртқышқа жем болдық деп үмітін үзіп тұрғанда түз тағысы жердің астын қазбалап ішке кіріп үлгереді. Бірақ, сол мезетте жыртқыштар сыртқа аты- лып, қайта қашып шығып кетеді. Әлгі әйел жемтік таппай жүрген аң бізді қалай аясын, қалайша кері қайтты деп таң қалып тұрғанда, анадай жерде үйге қарай келе жатқан ер адамды көзі шалады. Содан барып, қасқырлар еркектің исін сезіп қашқан екен ғой, – деп пайымдайды. Иә, бұдан ұғатынымыз – ер адамның қасиетінің жоғарылығы, әйелге қарағандағы үстемдігі. Адам тұрмақ, хайуан да одан сескенетіндігі. Бұл бір ғана мысал. Қазақ жігіттері мен ерлері туралы жырласам жыл таусылмас, сірә! Дана қазақтың «қасиет анадан, өсиет атадан» деген сөзі бекер айтылмаған ғой. Мектептің мың мұғалімі жабылса да, бір әкенің тәрбиесін бере алмайды екен. Ерлерге тән өр рух пен қазаққа тән текіліктің сыры осында. Кешегі ел басына іс түскен аласапыран заманда ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ержүрек ерлер елді қорғады, жерді қорғады. Отан үшін жан алысып, өзегімен от кешкен батыр бабалардың ерлігі тарихтың таңбасындай ел жадында мәңгілікке сақтаулы. Сол зұлмат заманда сұм соғысты көзбен көріп, жанқиярлықпен жан тапсырып, жеңіс туын желбіреткен батыр бабалардың ұрпағы бүгінде бар. Оған дәлел – бейбітшілік за- манда ерлікке пара-пар игі іс жасаған бейбіт күннің батырларының көбеюі. Әрине, бұның бәрі біздер үшін үлкен қуаныш. Себебі, кез-келген нәзік жанды оқыс оқиға орын алса, ең бірінші ер-азаматына арқа сүйеп, соған сенім артады. Сондықтан, әйел атаулының ғана емес, күллі халықтың арқа сүйер панасы – ер-жігіттер. Иә, біз ерлерді батыр бабалардың жалғасы деп білеміз, соларға сенеміз. Осыдан бес жыл бұрын әскерге барудан қашатын қазақ жігіттері көбейген еді, ал, қазір отан алдындағы борышын өтеуге асығатын қазақ азамат- тары көбейді. Қысқасы, біздің елде қалың қолға қарсы тұратын қаһармандардың жалғасы жетерлік. Еңбегі орасан ерлерімді қанша ұлықтасам да артық ет- пес. Қызметтің әр саласында жүргендер мен ауа райының аптаған ыстығы мен суығына шыдап, табиғаттың тылсым күшіне төтеп берген дала диқандары мен жеті қат жер- де жүрген кеншілердің, ғарыштың ғаламатына жол ашқан әуедегі азаматтарымның еңбегі де ерлікке пара-пар. Олай болса, халықты қазақы тәрбие мен намысқа жетелейтін, арлы болуды аңсап, жігерін жонып, жалы- нымен көпті жылытатын жігіттердің саны артсын! «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дегендей, халық артқан үкілі үмітті арқалап, сенім үдесінен шығатын ер- лер көбейсін. Құрметті әйелдер қауымы! Тектілік пен сырбаздықтың сардары болған Отаншыл ұландарды ұлықтап, қадірін білейік.
Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктіңтәуелдік немесе барыс септікформасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі.
I. Жақ
II. жекеше
III. көпше
айтамын, келемін, сөйлеймін айтасың, келесің, сөйлейсің айтасыз, келесіз, сөйлейсіз айтады, келеді, сөйлейді айтамыз, келеміз, сөйлесеміз айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер айтады, келеді, сөйлейді.
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады
Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді.
Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді. Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай адам баласын болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
<span>Астана- бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық, қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс- құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік. Ендеше, шаһардың кейбір кең де түзу көшелері дәстүрлі шығыс байтақтарын, мәселен, көргендерге Каир мен Делиді есестететіні сөзсіз. </span>
Мен ауылган барганды жаксы коремын ойткены мен атамнын жане адемнын суйыкты немересымын дер ойлаймын Мен атаммен унемы балык аулауга барамын. Куны бойы быздер балыктарды аулап оларды жиберетынбыз ойткены оларда тыры жандар гой! Жане ажем бвзге балык аулауга бара жатканда бызге озы пысырген татты токаштарын пысырым атамнын сомкесыне тыгып салады! Ойткены быздердын карнымыщ ашпау ушын.