Мен өз иммунитетімді көтеремін;суық сумен жуынамын,жүгіремін,ір күнімді бақылаймын,дұрыс тамақтанамын,таңертең жаттығулар жасаймын,өз бөлмемді жиі желдетіп тұрамын.Сондықтан күні бойы сау,өмірге құштарланып жүремін,ешқашан ашуланбаймын.Әр қашан денемді шынықтырамын,керек кезде жылы киініп жүремін.Сау денеде сау жан болады,-деп бекер айтылмайды.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Білім деген өте маңызды ұғым.Бос уақытты босқа жұмсамай, кітап оқып білім өрісін кеңейту артық емес.Қазақта білім жайлы мақалдар көп.Мысалға "Білім азбайтын тоң, таусылмайтын кең","білімді мыңды жығады" т.б.Білімді болсан сыйлы боласын.Мектеп кеме білім теңіз ал біз сол білім нəрімен сусындап жүрген қазақстанның атын шығаратын жастармыз.Білімді болайық достар!
Жети олчоп бир кес. жакшыга бир соз,жаманга мин соз.ат жаусын Света адам жаксысын жакта