-сен оз Ана тылынды былесын бе?
- Иа мен оз Ана тылымды былемын, ал сен ше?
- Арине мен былемын. Ар Адам оз тылынды былу керек.
- Иа мен сен мен келысемын.
- керемет.
Хех маленький диолог получился. только ты не пиши в и так далее, а казахские буквы
Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде — Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге санына қарай киіз үй 4,6,8,12 қанат етіп тұрғызылады. Ал, Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жетеді. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Қазақы нанымда шаңырақты ешуақытта төңкеріп қоюға болмайды. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. Ал, уық кереге мен шыңырақты жалғап тұрады. Сықырлауық болса кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ағашы толығымен құрылып болған соң — киізі жабылады. Сөйтіп, дайын үйге еңкейіп кіреді қазақ баласы. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Қазақтар көшіп-қонып жүргенде, киіз үйді өздерімен алып жүргенге ыңғайлы еді. Оны бір түйе-ақ алып жүре алатын. Жазда салқын ұстап, қыста суықты жібермейді, табиғаттың барлық жағдайларына қолайлы.
Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. Сонымен мейірімділік деген не? Мысалы: «Мейірім» әңгімесінде Қайсар ағай жымиып қойып, былай деді: - сол баланың қайырымдылығы, жанашырлығы, мейірімділігі есіме түскенде әлі де іштей елжіреп, тәрбиелі баланың өнегелі ісіне риза боламын. Сағынған жиендеріме барып, түннің бір уағына дейін әңгімелесіп, кеш жаттық. Таңға жақын тысырдан оянып кеттім, қарасам, әлгі үйдің 8-сынып оқитын Азамат деген жиеншарым көрпемді қымтап жауып жатыр екен, сірә үстім ашылып, тоңазып қалсам керек.Әй, содан кейін рахаттанып ұйықтадым –ау. Былай қарасақ, елеусіз ғана нәрсе сияқты, бірақ осының өзі адамның жүрегіне жылы тиіп, мейірімін оятады емес пе?- дейді Қайсар ағай.
Ауыл.
Аулдың табиғаты әдемі, ауасы таза суы тұнық.Жері кең,түрлі өсімдіктер, дәрілік қасиеті шөптер баршылық.Ауылдың адамдары мал шаруашылығымен айналысады.Сондықтан ауылда сүт май, қаймақ , ірімшік мол.Ауылдың адамдары тату тұрады.Олар бір-біріне көмектеседі.