Ерте, ерте, ертеде, Сөз табы деген өлкеде Есімдік деген көпті көрген үлкен қарт кісі өмір сүріпті.Оның 7 ұлы болыпты. Барлық ұлдары өнерлі, ақылды, әдепті болыпты. Есейе келе туыстар арасында алауыздық пайда болыпты.
Есімдік ата бір күні балаларын отын жаруға жұмсапты.
Үлкен ұлы Жіктеу – мен бармаймын, сен бар, ол барсын, - деп бөлініпті.
Екінші ұлы Сілтеу – анау барсын, мынау не істеп отыр,- деп тіл алмапты.
Үшінші ұлы Сұрау – қалай жасаймын? неге? не үшін? бармаймын, - депті.
Төртінші ұлы Өздік – өзім жасай берем бе? Өзгелер де жасасын, - депті.
Бесінші ұлы Жалпылау – барлығың түгел отырып, мені жұмсайсындар, - деп тіл алмапты.
Алтыншы ұлы Болымсыздық – ешқашан мен ештеңе жасамаймын, кенже інім жасасын, - депті.
Жетінші ұлы Белгісіздік – өте ақылды екен. Біреу бізге жасап бере ме? Әрбіріміз үлкен азамат болдық, ер жеттік. Сондықтан әркім әр жаққа тартқыламай тату болайық, - депті.
Қария кенже ұлына риза болыпты. Содан бастап Есімдік атаның балалары тату-тәтті, сіз, біздікпен өмір сүріпті.