Асыл әжем!
Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!
Мектеп интернаттың мақсаты тереңдік оқыту .Дарынды балалардың тіл байлығын дамыту.Сөз өнері дамытуды оқимыз
Лас бəтеңке:
-ох, қатты шаршадым..бүгін өте ауыр күн болды.
Таза:
-Иə,бірақта мен бұған түкте қиналмаймын.Қазір менің ием келіп мені жақсылап тұрып жуындырады.сосын мен айнадай болып шыға келемін.
Лас бəтеңке:
-Иə,саған үй иесі өте жақсы қарайды.сен өте əдемі, əрі тазасың.Ал,менше күнделікті үй шаруасына киілетіндіктен ешкім маған қарамайды.
Таза бəтеңке:
-хм.Сен мені көре алмай тұрсың ба,ақымақ бəтеңке?Саған күнделікті аяқ киім бол деген мен бе?Қызғанбай, əрірек кет.мег сенің менің қасымда тұрғаныңнан қатты ұялам....
Лас бəтеңке бұл сөзді көңіліне алып қалады.Таза бəтеңке болса басын көкке шүйіріп, иесінің тазалағанын күтеді.Иесі бір қорап алып келеді.Ішінен бір жаңа бəтеңке шығарады да жаңағы екі ескі бəтеңкені қоқысқа шығарып тастайды.екеуі қатты киналады..Сол кезде екеуі де өз қателіктерін түсінеді)))