Аты: Асхат
Тегі: Асқаров
Туған күні, жылы, айы: 18.04.1996
Жынысы: Ер
Қаласы: БҚО, Орал
Электронды пошта атауы:
[email protected]Құпиясөз: Gulmira77
телефон нөмері:87473849645
Құпия сұрақ: анаңның лақап аты
Жауабы:Gumi
Қосымша:__
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Жамал Самарханқызының орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Темір ауданының Бірінші Мамыр негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.
Оңашада отырып, алғашқы ұстазым туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, ақ жүрек, жылы жүзді, қашанда көздерінен мейірім шуағын шашып тұратын Жамал Самарханқызының дидары елестеп, еріксіз қиялға батып, жарқын естеліктерге жетелей жөнеледі... Әр уақытта шашын жоғары түйіп жүретін Жамал апай қазір самайына ақ түсіп, егде тартқанымен, әлі де мейірімге толы көздерімен ауыл оқушыларын күлімдеп қарсы алып тұрады.
Міне, сол қызыққа толы уақыттың өткеніне 13 жыл толғанымен, мектепке келген сайын күлімдеп қарсы алып отыратын сүйікті ұстазыма деген сағынышым арта түсуде. Мен өзім ана жылулығын сезінбей,көрмей өскен жанмын.Себебі анам мен 1 жасымда болған кезде дүниеден озыпты.Сол себепті мені бірінші сыныпқа Әкем жетектеп алып барғанда, Жамал апай бірінші қатардың екінші партасына отырғызғаннан кейін сол партада бесіншіге көшкенше отырған екем. Сабақ аяқталған соң сыныптастарымның барлығы үйлеріне тарасты. Мені алып кететін әкем әлі жоқ. Отыра қалып жылағанымда Жамал апай құшақтап, әрең жұбатқан еді. Ол – ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстазым.
Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың.
Осы орайда бастауышта оқығанымызда сыныпта 10 қыз және 2 ұл ғана болған едік. Қыздардың бәрі әр үйдің еркесі болғанымен, өте пысық болды. Барлығымыз бірдей “апайлағанда” ұстазымыздың көзіне жас үйірілетін. Өзге мұғалімдер “шұрқыраған балапандар” деп күлетін. Осындай қарқынмен біз бастауыш сыныпты 12-іміздің 5-іміз үздік тамамдап, жоғары сыныпқа жолдама алған болатынбыз. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Сол жарқын кездерден бері көп жылдар өткенімен, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші анамыздай болғасын Жамал Самарханқызына айтар алғысымыз шексіз. Өткенде барлық сыныптастарымыз жиналып, апайымыздың үйіне қонаққа барған болатынбыз. Ұзақ әңгіме-дүкен құрып, ұстазымызда сақталған біздің дәптерлеріміз, суреттеріміз бен бейнетаспаларды тамашаладық. Сол сәтте әрқайсымыздың көзімізге үйірілген сағыныш жасын мектеп партасына, сүйікті апайымызға, балалық шаққа деген сағыныштың белгісі деп ұқтық.
Қызыл кітап жойылған жануарларды түзету үшін қажет.қызару кітабы адам үшін өте маңызды.ол жануарлар, құстар мен өсімдіктердің көптеген жоғалып бара жатқан түрлерін қамтиды.Қазақстанның кітабында жануарлардың 120-ға жуық түрі бар.Адамдардың кінәсінен көптеген жануарлардың түрлері жойылады.егер сіз қызыл кітаптың заңын бұзсаңыз, айыппұл төлеуіңіз керек.Табиғатқа мұқият болыңыз, біз оған мұқтажбыз!
Ответ:
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.
Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.
— Мидиялықтардың патшасы! дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш.
Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.
Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады.
Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!
Объяснение: