Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991
жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз
жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау
қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен
шектеседі.
Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупа
және Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасында
салынды, кейін 30 шақырымға шегінді.
Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру
саласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана
емес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республика
бойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандар
шығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.
2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласының
тұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православ
мен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.
Атырау климаты шұғыл континентальды. Жаз мезгілі өте ыстық, ауа-райы
температурасы +40, +42°C-қа көтерілуі мүкін. Ал қыс мезгілі ызғарлы әрі
суық болады. Ауа-райының орташа температурасы - -20, -25°C. Қатты жел
мен шаңды дауылдар жиі болады.
Қалада қоғамдық көліктер жиі қозғалады. Әуежай, авто және темір жол
вокзалдары тәулік бойы жұмыс істейді. Атырау әуежайы қаладан бес шақырым
жерде орналасқан.
Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес.
Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралай
алады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры,
Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ,
музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, Халел
Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау
политехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.
Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің
атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин,
Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.
Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш
айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған
Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы
ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың
мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.
Шылау , қыстырма сөздер , қаратпа сөздер
Циркте онерпаз онер корсети.досым екеумиз ойыншыкпен ойнадык.менин агам сазгер.алакай кандай конилди кун.
Менин досым акылды айбаты биз дос екеуіміз ойнаймыз біз кинога бардык табыс тілеймін баршаңызға жаңа жетістіктер мен тамак табыс тілеймін баршаңызға жаңа жылда жаңа үй құрылысы инфрақұрылым құрылысы тарифтік саясат негізгі бет жаңалықтар саясат экономика қоғам әлемде оқиға мәдениет жобалар бағдарлама