Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,
Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.
Сүйем оның құмын да, қыраттарын,
Сүйем оның қасиетті бұлақтарын.
Қалай ғана сүймейін, Осы ауылдың
Бала кезде бір қызын ұнатқанмын!
Осы ауылда тербелген бесігім де,
Осы ауылда қойылған есімім де.
Араздасып қалғанда ара ағайын
Ақсақалы жүреді кешірімге.
Көріп өстім таң атып, күн батқанын,
Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын.
Қалай ғана сүймейін, Бейіт болып
Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым.
Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық…
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Германияның қарулы әскерi Белоруссия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы Отан соғысы басталыпты. Соғысқа елiмiзден 1 миллионнан астам азамат аттанып, 800 мыңы қайта оралып, 600 мыңы ерлiгi үшiн түрлi марапатқа ие болған едi.
Соғыс жылдарында мыңдаған концлагерьлер салынып, ондағы адамдардың басым көпшiлiгi азапталып өлтiрiлген екен. Адамдарды газбен улап, пешке жаққан. Германияға күнделiктi тауарлар қажет болғандықтан, адамдардың шаштарынан – мата, майынан – сабын жасаған. Соғыстың осындай жан түршiгерлiк әрекеттерiн кiтаптан, ардагер ата-ағалардан естiген едiм. Соғыстың жалыны қазақ жерiн де шарпыды. Батыс Қазақстаннан 500 шақырым қашықтықтағы Сталинград түбiнде үлкен ұрыс болған.
Қазiр Жеңiс күнiне барша халық ерекше ықыласпен дайындалуда. Бұл күнге барлық жақсылық жарасады. Бейбiт өмiр үшiн ардагер ата-әжелерге алғыс айтамыз. Қанды қырғын қайта тумасын. Бiздер, жастар, ғылымда озық, өмiрде тәрбиелi, ұлтжанды болуымыз қажет.
қазақ-түбір
тіл-түбір,-і тәуелдік жалғауы
халық-түбір, -ы тауелдик жалгауы,-мыз тауелдик 1 жагы жалгау,-дың таулдик жалгауы
баға - тубир
жет-тубир,-пе болымсыз етиктис журнагы,-с ортак етис журнагы
асыл-тубир
мура-тубир,-сы таулдик жалгауы 3 жак
2 Топономикалық аңыздар Өңдеу
Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.
Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.
Махаббат хикаялар Өңдеу
Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.
Батырлар туралы аңыздар Өңдеу
Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.
Тарихи аңыздар Өңдеу
Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.
Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.
Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл.