Қызылорда қаласы №101 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова ХаншайымСабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістікСабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы түсінік қалыптастыру,алған білімдерін жинақтап,одан әрі тереңдету.Дамытушылығы: Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,оқушының сөздік қорын байыту ,байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.Тәрбиелілігі : ұқыптылыққа,жинақылыққа,ұйымшылдыққа,бірлікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: топтастыру,сұрақ-жауап, ой қозғау,ойын,ереже.Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қима қағаздар,оқулық,суреттер,тиым сөздер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылардың зейінін сабаққа аудару ә)Психологиялық дайындық Үлкендерді құрметтеп, Күнде бестік алатын, Кішілерді ренжітпей, Біз әдепті баламыз, Біз бақытты баламыз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Үй жұмысын тексеріп,бағалау ІІІ.Жаңа сабақ. а) Қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтарға жауап алу. -Қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім,сын есім,сан есім,етістік) -Бұларды қазақ тілінде бір сөзбен қалай атаймыз:(Сөз таптары) -Заттардың нелері болады? (аты,саны,қимылы т.б) ә) сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. б)Топтастыру . в) Ереже әдісі : Етістік Болымды болымсыз Етістік болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы бар-барма, жаз-жазба,ки-киме т,б. г) оқулықпен жұмыс Көркем жазу 1-жаттығу Берілген етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғап жаз. 1-оқушы тақтада орындайды,сөз құрамына талдайды .Жазба,санама,келме,тұрма,шақырма,киме,қайтпа,төкпе,қазба, безбе. Сөздердің мағынасы қалай өзгереді? 3топтан Сөздердің мағынасы қалай өзгереді? 3топтан 3 оқушыға 3 сөйлем құрату. Туған туысқаныңнан безбе. Бас киміңді теріс киме.Біреуге ор қазба. 2-жаттығу. Өзіндік жұмыс Тиым сөздерді көшіріп жазу,сөз құрамына талдау.Аққуды атуға болмайды .Құмырсқаның илеуін,қарлығаштың ұясын бұзба.Малды аяғыңмен теппе.Нанды бір қолмен үзіп жеме.Сүт тағамдарын жерге төкпе. Сергіту сәті:5-жаттығу (ауызша) Жұмбақ шешуӨзі өтпейді, Ал өтпесті өткізеді. .............. Кір қоқысты сүймейді, Сыртқа қуып сүйрейді................. Қосымша сұрақтарға жауап алу. 3-жаттығу Топпен жұмыс І топ ІІ топ Болымды етістік Болымсыз етістік Оқып,жиып ал жетпейді, Жатып ішер кетпейді, тимейді, сүймейді ІІІтоп болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады. д) Сөздік диктант(жазу,сөз құрамына талдау) Жақтама,көшірме,кірме,шайқама,білдірме,айтпа,болма,жаула.(оқушылар бір бірін тексереді,бағалайды). е)Сабақты бекіту: Сабақты бекіту үшін,’’Үміт ағашы “ салынады,ал оның жемістерінде сұрақтар жазылады және олар ағаштың тамырын да ілініп тұрады,егер оқушы келіп сұраққа толық жауапберсе, ол піскен қызыл жеміске айналы,жоғары ілінеді.Егер жауап бере алмаса,ол сол күйінде көктей,төменде қала береді. Оқушылар өздерін сол жемістер арқылы бағалап, сұраққа жауап беруге тырысады.Піскен жеміс көп болса,оқушылар материалды жақсы меңгергенін білуге болады. ІV. Қорытынды . Вет диаграммасы -Балалар, сендер бүгінгі сабақта болымды,болымсыз етістікке байланысты көптеген шығармашылық жұмыс істедіңдер.Ал енді сабағымызды Вет диаграммасы арқылы қорытындылайық. Болымды Болымсыз етістік етістік V. Үйге тапрсырма беру 4-жаттығу,ережені түсініп жаттау VІ. Бағалау . Оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.