Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
Сөз дегеніміз – жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі.
Сөз сөйлем ішінде келсе де, жеке күйінде тұрса да, екі мағынаға ие болады. Олар лексикалық мағына және грамматикалық мағына.
Сөздің бастапқы мағынасы лексикалық мағына деп аталады.
Сөздің жеке тұрғанда болсын, сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасында болсын, лексикалық мағынасына қосымша беретін мағынасын грамматикалық мағына деп атайды.
Жазып сөйлеу практикасында сөздің әр түрлі мағыналық қырлары мол жұмсалады. Көп реттерде сөз өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылып отырады. Мәселен,<span> «Осы сөзде патриоттық, ерлік пен батырлық жатыр», </span>- дегендегі сөздердің әрқайсысы тура мағынасында берілген: осы – кез келген есім сөздің орнына жұмсала беретін сілтеу есімдігі; <span>сөз </span>– бір нәрсе жайында айтылған әңгіме; патриот - өз Отанын, елі мен жерін шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам; ерлік – батылдық, батырлық, жүректілік; пен – жалғаулық шылау; батырлық – ержүректік, батылдық; жатыр – көмекші етістік мағынасында жұмсалып тұр.
Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасын сөздің тура мағынасы дейміз.
Жазу, сөйлеу практикасында сөздің әр түрлі мағыналық қырлары мол жұмсалады. Көп реттерде сөз өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылып отырады. Мәселен, сөз, қолдану, көркем, таңдау, шығарма, жеке, қызмет, тұтас, құбылыс, әсем, әлемі, сөз, ұғым, адам, сезім, ой, ана тілі, ұлт, қорғаныш, жазу, жүйе, халық, ұзақ, заң, ғылым, қызмет, білім, денсаулық, көлік, жұмыс, мектеп, оқу, ереже, кітап.
Сөз әрлеу дегеніміз сөз таңдау, <span>сөз қолданысы сияқты, көркем шығарма тіліндегі жеке сөздердің «қылығы»: қызметі, стильдік жүгі деген құбылысқа кіреді (Р.С.). Ана тілі – ананың тілі («Даналық сөздер»). Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды (А.Б.). Тіл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы білім беретін мектептер үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр («Егемен Қазақстан») </span>деген сөйлемдердегі сөздердің әрқайсысы тура мағынасында берілген.
Сөз әрдайым тура мағынасында қолданыла бермейді. Айталық, Үйге тірек боларлық ағаш алып келді. Сенің тірегің – Қазақ тілі – деген сөйлемдерде бірінші тірек сөзі құрылыс материалы ретінде өз орнында, қалыпты мағынасында қолданылып тұр. Ал екінші сөйлемдегі тірек ауыспалы мағынада жұмсалған. Мұнда айтушы ана тілінің кімге болмасын сүйеніш екенін эпитет арқылы жеткізген.
Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасының ауысып қолданылуын ауыспалы мағына дейміз.