Лионель Андрес Месси (ис. Lionel Andrés Messi; 24 маусымда 1987, Росарио) — Аргентиналық футболшы және «Барселона» командасының шабуылшысы.
Месси - 2008 жылы Олимпияда чемпионы, 2005 жылы жастар арасында әлем чемпионы (турнирдің ең үздік ойыншысы мен сұрмергені). «Барселона» құрамында 6 рет Испания чемпионы болды (2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15). 2007, 2009 және 2010жж. жылдары Испания чемпионатының ең үздік ойыншы атағын алды. 2005, 2007және 2009 жылдары Аргентинаның үздік ойыншысы. Чемпиондар Лигасын 4 мәрте женген (2005/06, 2008/09, 2010/11, 2014/15). 2009, 2011, 2012 жылы Испания чемпионатының сұрмергені, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12 жылы Чемпиондар Лигасының сұрмергені. 2009, 2010, 2011, 2012 және жылдары әлемнің үздік футболшысы атағына иегер. 2009 жылы Месси Еуропаның үздігі атанды. 21 желтоқсан, 2009 жылы Месси "Бриллиант добының" иегері атанды.
2012 жылы 7 наурызда өткен Барселона - Байер Леверкузен Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жауапты ойнында 5 гол соғып, турнирдің плей-офф кезеңінде бір ойншымен соғылған доптар саны бойынша жаңа рекорд қойды.
В смысле ну маша глаша паша неряша
<span>ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді.</span>
<span>Сіздерге тамаша орманы мен өзені, сайын даласы бар Орал өңіріне қош келдіңіздер дейміз. Өңірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір контингентті құрайтын, әлемнің екі бөлігі — Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан. Бұл жер өркениеттің озық жетістіктері мен табиғаттың сол қалпында сақталған түпкірлерімен үйлесім тапқан. Бұл жерде болған ешбір адам табиғат сұлулығына көңіл қоймай кете алмайды.Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның құрамына кіреді. Ол еліміздің солтүстік-батысында орналасқан және 151,3 мың шаршы метрді алып жатыр. Облыс аумағымен Еуразияның басты күретамырларының бірі — Жайық өзені, екі кішірек өзендер — Шаған мен Деркөл өзендері және ондаған шағын өзендер ағып өтеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда көптеген көлдер бар. Ең үлкені — 200 шаршы километрді құрайтын, әрі әдемісі — Шалқар көлі, сондықтан да Орал өңірінің тұзды інжу-маржаны деп тегін атамаған.Облыс Қазақстанның үш: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысымен, сонымен бірге, Ресейдің бес: Орынбор, Самар, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарымен шектеседі. Облыс тұрғындарының саны: 606,5 мың адам. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы,тұрғыны: 227,4 мың адам.Орал қаласы Қазақстандағы көне қалалардың бірі, Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысы сағасында, ресми мағлұматтар бойынша 1613 жылы негізі қаланған. Басында Ресей мемлекетінің дала көшпенділері шапқыншыларын қорғайтын әскери постылардың бірі болған және оны Яик қалашығы деп атаған. Орал қаласының аты 1773 — 1775 жылдардағыЕ. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина II Император патшайымының бұйрығымен басқаша аталды. Қаланың ең көне бөлігі — «Курени» ауданы. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына, Яик қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған. Қаланың өзінен аз ғана кейін салынған, сол кезде тұрғызған үйлер әлі де сақталған.Қалада, өскелең ұрпаққа асыл мұра, тарихпен айналысатын адамдардың бәрінің де қызығушылығын тудыратын оннан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Е. Пугачев мұражай-үйі, 1751 жылы салынған Михаил-Архангель Соборы. Орал казак әскерінің үш жүз жылдығы құрметіне салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаш-Орданың Батыс бөлімі жетекшілері Халел және Жанша Досмүхамедовтер және басқа да көптеген адамдар бітіріп шыққан реалды училище ғимараты.Әр жылдарда бұл қалада И. А. Крылов, А. С. Пушкин, В. А. Жуковский, В. И. Даль, Т. Г. Шевченко, М. Өтемісов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтар болған. Бұл жерде М. Шолохов, Ж. Молдагалиев, А. Сәпсеновтер өлкеден тақырыптар жинап, өз шығармаларына арқау еткен. Орал өңірі — қазақтың үлы композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Динаның, теңдесі жоқ әншілер Хадиша Бөкеева, Роза Жаманова, Рарифолла Қүрмангалиевтың ақын-жазушылар: Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қадыр Мырза Әлінің, алгашқы Кеңес Одагының Батыры атанган, Шыгыс қызы — Мәншүк Мәметованың туған жері. Еуропа мен Азия шекарасындағы қонақжай өңір, Батыс Қазақстан облысы өз қонақтарын тағатсыздана күтеді.</span>