1. Антонимді белгілеңіз A) Пәрмен – күш. B) Биік – зәулім. C) Алып – ірі. D) Жиі – сирек. E) Ұсақ – майда. 2. Омоним болаты
1. Антонимді белгілеңіз
A) Пәрмен – күш.
B) Биік – зәулім.
C) Алып – ірі.
D) Жиі – сирек.
E) Ұсақ – майда.
2. Омоним болатын сөз қатысқан нұсқа
A) Орынсыз ыржаң, болымсыз қылжаң.
B) Жартасқа бардым, күнде айқай салдым.
C) Болмашы кекшіл, болсайшы көпшіл.
D) Мен, мен едім, мен едім.
E) Өткірдің жүзі, кестенің бізі.
3. Дауыссыз дыбыстардың түрі
A) Ұяң
B) Ашық
C) Жуан
D) Қысаң
E) Еріндік
4. Сөз ішіндегі кейінді ықпал
A) Дүниеге ұл бала келді.
B) Бүркіт – алғырлығы, көргіштігі ерекше құс.
C) Шай ішсең, көңілің жай.
D) Көрікбай малдарын сатты.
E) Есікті ашса анасы екен.
5. Адамның аты-жөні қысқартылып, бас әріппен белгіленгенде, әр әріптен кейін қойылатын тыныс белгісі
A) Леп белгісі
B) Дефис
C) Сызықша
D) Нүкте
E) Үтір
6. Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған түбірдің атауы
A) Жалғау
B) Жұрнақ
C) Негізгі түбір
D) Туынды түбір
E) Қосымша
7. Анықтауыш, пысықтауыш қызметіндегі сан есімдер қатысқан сөйлем
A) Осы үшеуінің басы қосылмаса, мен оны шығарма деп есептемеймін.
B) Төрт атты кісі жақындай беріп, екі-екіден бөлінді.
C) Тілімді алсаң, екеуіміз дос болайық, маған ерсең жүрермін жаудан сақтап.
D) Орта білім топтарында оқыту үшін 9-сыныпты бітірген 267 оқушы қабылданды.
E) Халықаралық бейбітшілік күнін жыл сайын 21 қыркүйекте атап өту белгіленді.
8. Қашан? Қашаннан? сұрақтарына жауап беретін үстеу түрі
A) Мөлшер үстеуі.
B) Сын-қимыл үстеуі.
C) Мезгіл үстеуі.
D) Мекен үстеуі.
E) Мақсат үстеуі.
9. Сын-қимыл үстеуінен жасалған амал пысықтауыш
A) Қазақ мәдениеті Батысты таңқалдыра алады.
B) Ол қоғамнан әділ мойындауды ғана күтеді.
C) Әдебиетке шын берілген жан қарапайым әрі адал болатын.
D) Шетелдіктерге «Ер Тарғын» эпостық жыры бірден ұнады.
E) Өмірде болған оқиғалар таза көркемдік айналымға түсірілген.
10. Интонация арқылы байланысқан нұсқа
A) Телефон арқылы сөйлестім.
B) Қуанышты хабар.
C) Ернар – оқушы.
D) Кенеттен тоқтау.
E) Орындалған арман.
11. Көнерген сөздер қатары
A) Түбіртек, әмбебап.
B) Ғарыш, күпі.
C) Биқасап, отарба.
D) Желім, тінтуір.
E) Шербек, шиіт.
12. Синоним қатысқан сөйлем
A) Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ бітсейші.
B) Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске!...
C) Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?
D) Ата дұшпан сен едің, аңдыған жауың мен едім.
E) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай.
13. Сөздердің дұрыс жазылуы берілетін сөздік
A) Орфографиялық сөздік.
B) Диалектологиялық сөздік.
C) Орфоэпиялық сөздік.
D) Фразеологиялық сөздік.
E) Түсіндірме сөздік.
14. Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне аяқталған сөздерге жалғанатын қосымшаның түрі
A) Жуан мен жіңішке қосымшалар.
B) Қосымшалардың барлық түрі.
C) Жуан қосымшалар.
D) Жіңішке қосымшалар.
E) Қосымшалар жалғанбайды.
15. Дара сөз
A) Қаламгер.
B) Баспасөз.
C) Ақбозат.
D) Пединститут.
E) Некен-саяқ.
16. Бірігу жолымен жасалған сөз
A) Арқа(лық).
B) Қайнар(бұлақ).
C) Абай(көшесі).
D) Бас(сүйек).
E) Заман(ақыр).
17. Ортақ тәуелденген сөзі бар сөйлем
A) Шыншылдық – жақсының көркі.
B) Ауылдың маңы көкорай шалғын.
C) Баламның даусын естідім.
D) Біздің өлкеміз – ырысты өлке.
E) Сенің айтқаның жөн.
18. «Бағымызға қарай» қыстырма сөзінің мағынасы
A) Сенімсіздік
B) Қуаныш
C) Күмәнділік
D) Өкініш
E) Сенімділік
19. Бастауышы есімшеден болған сөйлем
A) Алдағы жылы болыс-билердің сайлауы келе жатыр.
B) Бұдан әрі бұрынғы жер иелерін жақтаушы табылмады.
C) Ұлпанның алыс базарларға жұмсап отыратыны осы Торсан еді.
D) Ұлпанның аузына қарап отырған Сыбанның беталысы белгілі.
E) Алдамайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болатын сияқты.
20. Баяндауышы сын есімнен болған сөйлем
A) Қасірет соңы – қуаныш.
B) Еріншектің ісі екі.
C) Соқыр – кінәмшіл, саңырау – секемшіл.
D) Қайрат – қыран, қайғы – жылан.
E) Қырсыққанда қымыран іриді.
21. Тұрақты сөз тіркес(-тер)і
A) Кітаптың бетін ашты
B) Аузы-мұрны қисаймай
C) Жақсы ниет
D) Қара ала төбет
E) Жұлдызы жарасқан жастар
F) Жұлдызға қарады
G) Әнді ғана сүйеді
H) Жұмыртқадан жүн қырыққан
22. Ашық буынды сөздер нұсқасы (нұсқалары)
A) Төрт, он
B) Тілі, байлық
C) Ата, ұлы
D) Бабасы, оқуға
E) Ақыл, ғылым
F) Дыбыс, үн
G) Кісі, рухани
H) Ұлт, халық
23. Төрт фонетикалық бөлшектен тұратын сөз(-дер)
A) Сапырылды
B) Өнерлі
C) Құрылысшылардың
D) Балықшыларға
E) Бейбітшілікті
F) Балалардың
G) Көкөністі
H) Санақшы
24. Септеулік шылаудың ерекшелігі (ерекшеліктері)
A) Сөйлемге сұрау мағынасын үстейді
B) Сөздерді байланыстыра алмайды
C) Сөз бен сөйлемді байланыстырады
D) Бес мағыналық қатынастан тұрады
E) Сөйлемді салаластыра байланыстырады
F) Белгілі септіктегі сөздермен тіркеседі
G) Сөйлемге күшейту мағына үстейді
H) Бірыңғай мүшелерді байланыстырады
25. Тырнақша дұрыс қойылған нұсқа(-лар)
A) Ил-86 ұшағы, Қазақ журналы
B) Ан-7 ұшағы, Сыр шерту бағдарламасы.
C) «Қазақ әдебиеті» газеті, «Заман-ай» күйі
D) «Оқжетпес» кеңшары, «Көксерек» әңгімесі
E) «Саржайлау күйі», ДТ тракторы
F) «Тағдыр» романы, «Майра әні»
G) Қазақ тілі қоғамы, Абай ауылы
H) «Көктұма» мектебі, «Икарус» автобусы