Музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылыды. Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді.Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың « дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетіндігін негізге алған болуы керек. «Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. XVI ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алар. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет – болмысына анықтауыш бола алмайды. Себебі, тұтас бір өңір – аймақта қалыптасқан күйшілік мектептер былай тұрсын, бір ғана күйші-композитор туындыларында шертіп тартылатын күй де, дауылдата төгіп тартылатын күй де кездеседі. Мәселен, бір ғана Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады. Оны былай қойғанда, жалқы тұрған бір ған күйдің өн бойыныңда бірте шертіп қағуды, бірте серпе төгіп қағуды, енді бірде іліп қағуды қажет ететін сәттер бар. Мәселен, Әшімтайдың «Қоңыр қаз», Дайрабайдың «Дайрабай» сияқты күйлері сол бір ғана күйдің өн бойында бірісе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылады. Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Бодандық кезеңнен аман – есен өткен домбыра аспабы елімізде айырықша орын алуда. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы, Құрманғазы атындағы Ұлтық консерваторияда, еліміз бойынша көптеген колледждерде қаншама болашақ домбырашы мамандар білім алуда. Оған жұмыс істеп жүрген осы оқу орындарының түлектерін қосайық...Әрине, қиынға соққан мәселелер де бар, бірақ өте келе адам түзеліп, адаммен заман да түзеліп бәрі орнына келеді. Тек уақыт қажет. Жалпы қорыта айтып тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазірде бар және де болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» !!!
...
-ол 15 пәтерде тұрды
...
-бірінші қабаттың балконынан алды
...
-апарған, бірак ата анасы көшеге таста деп ұрысты
...
-ол балапанды бейтаныс ағайға берді
...
-<<обал - қайырымдылық қасиет>>,- деп жауап берді
Вопросы:
1)Абай қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
2)Абайдың қандай төрт мезгілді суреттейтін шығармалары бар?
3)Абай қазақтың ақындық тілін қалай қалыптастырды?
4)Абайдың классикалық стильде жазылған шығармасы?
5)Кейіннен, Абайдың қара сөздері қандай тілдерге аударылды?