<span>лгерінді ыкпал/катар турдан екі дыбыстын біріншісінің озинен кейинги дыбыска әсер етіп озгеруи(1-> 2) :Ашса-ашша/алып бер-алп пер</span>
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды.
Жер-Ата, бұл сізге арнап жазғалы отырған ең алғашқы xатым болмақшы. Бұл xатыммен сізге деген раxметімді, маxаббатымды және де кешірімімді жеткізгім келеді. Жер-Ана не деген құдыретті едіңіз?! Сіздің арқаңызда осы жерде өмір сүріп, қоректеніп, еркін шалқып тасып өмір сүрудеміз. Онымен қоса сіздің жасап жатқан соншалықты жақсылықтарыңызға қарамастан біз сізге кесіріміздіде тигізудеміз, жыртудамыз, қазудамыз, тонаудамыз т.б Сол үшін мен сізден шын жүректен кешірім сұрағым келеді.
Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.
(Жыл, жаз, қыс)
Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып,
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.
(Жыл, он екі ай, отыз күн)
Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
(Он екі ай, жаз бен қыс)
Тақырыбы: Жайлауда
Мен уақытымды жайлауда өткізгенді ұнатам. Себебі жайлаудың табиғаты әсем. Айналаға қарасаң кең дала, жайылған шөп. Біз жайлауда атқа мініп, балық аулаймыз.