Мен зат есімнің не екенін түсіндім. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.Зат есім сөз таптарының бір түрі. Маған зат есімді зерттеп, оны түсіну өте қызықты болды.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Астана Арланс командасының бас директоры
Құралай жас киіктей епсиз қимылдайды
Ә.Табылды 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. Балалар жазушысы, сатирик, ғалым.
1948 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1955 жылы ҚазПИ-ді бітірген. Еңбек жолын 1944 жылы Т.Рысқұлов ауданында мұғалім болудан бастаған.
1944-1946 жылдары Қызыл әскер қатарында әскери борышын атқарған.
1946-1968 жылдар аралығында Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектепте пионер жетекші, мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1944-1950 жылдары), мектеп директоры (1950-1957 жылдары), 1969-1980 жылдары «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1980 жылдан бері ҚазМҰУ-де жалпы педагогика және этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді.
Балалардың сүйікті жазушысына айналған Ә.Табылды 1959 жылы жарық көрген «Бөбекке сөз» кітабынан бастап 2001 жылғы «Қайырлы таң, балалар» атты таңдамалы жинағына дейінгі аралықта бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған 31 кітап шығарды.
Ересектерге арналған «Ана – жүрек», «Жырлайды жүрек», «Жыр өмір», сатира жанрында «Қой бағу оңай ма», «Мен кіммін, білесің бе?» кітаптары жарық көрді.
«Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ», «Тентек балапан», «Абайлаңдар» секілді ертегі-пьесалары республикалық қуыршақ театрында (1969-1988 жылдары) қойылды.
Ғылыми еңбектерін 1965 жылдан бері үзбей жариялап келеді. «Ұлттық тәрбие иірімдері» (2001 жыл), «Қазақ этнопедагогикасы» (2001 жыл), «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі», «Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» атты оқу құралдары жарыққа шыққан. «Әдеп әліппесі» (1997 жыл) атты оқу құралы қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылады.
Ғалымның «Халық тағылымы» (1992 жыл), «Тағылым» (1995 жыл), «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен мәдениеттану мәселелері» (2000) ғылыми еңбектері ғалымдар арасында жоғары бағағ ие болды.
Екі томдық шығармалары (2005 жыл), Бес томдық таңдамалы шығармалары (2008 жыл) т.б. ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқушылары оқу-тәрбие ісінде кеңінен пайдаланып жүр.
Ә.Табылды Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері (2001 жыл), Қазақ КСР және КСРО оқу ісінің озаты, бірнеше медальдар мен Құрмет Грамоталарының иегері.<span />
Ол бугин сабакка барган жок. Марат ауылга келмейтин болды. Олар ешкашан китапханага барган емес. Мен бугин олен айта алмаймын. Жамал кишкентай болгандыктан, санай алмайды.