Қызыл гүл; әдемі көйлек: жаңа дәптер; жақсы қыз:сары қалам
Асхат апасынан
-Апа салт-дәстүрлер деген не?
-А,балам әр ұлттың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері болады.
-Әже, ал қазақтың салт дәстүрлері ше?
-Қазақтың салт-дістүрі өте көп.Мысалы тұсау кесу.Тұсауда ала жіппен кеседі.Ешкімнің ала жібін аттамасын деп,шөппен де,ішекпен де кесед,.Сол сияқты қыз ұзату,сүйек жаңғырту,құда түсу.
-Әже, рахмет сізге!!!
Халқымыз табиғатты анаға тенеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештене жоқ. Табиғатсырын терен білмей, оған немқирайлы қарау улкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тутып, ормандар аяусыз балталанды, ан-қустар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Сонын салдарынан бугінгі танда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса улкен қауіп төндіріп отыр.Сол ушін біз жерімізді таза устау керекпіз
Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана- кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды » деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде , қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің… Кейде анасы жоқ балаларды көргенде көңілім бір түрлі құлазып қалады. Кез – келген адамның жан дүниесі алдымен ана жүрегінің жылуынан басталмай ма ?! Бойымыздағы жақсы қасиеттер де алдымен анамыздың ыстық құшағынан, жұмсақ аялы алақанынан таралмай ма ?! Аналық махаббат пен жан жылуын сезінбей өскен балалардың қатал тағдырына кейде аяушылықпен қараймын. Олардың қасында өзімді бақытты сезінемін. Өмірде ана алақанының жылуы мен әкенің мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды емес пе?! Ана! Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзеймін. Өзіңізбен бір күн сырласпасам, бала жүрегім сізді сағынып тұрады. Еркелеткеніңіз, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз — бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Сіз – менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Жетістіктеріме қуанасыз, қателік жасасам, жөн сілтейсіз. Сүрінсем, жұбатып жігерлендіре түсесіз.