Хайуанаттар бағы, зоопарк – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі.
Басты міндеті
ТарихыӨңдеу
Алғаш хайуанаттар бағы б.з-дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрынҚытайда («Білім бағы» деген атпен) ұйымдастырылған. Еуропада 18–19 ғасырларда ашылды (Венада 1752 жылы,Мадридте 1774 жылы, Берлинде 1844 жылы, Парижде 1858 жылы, Мәскеуде1864 жылы, тағы басқа).
Қазақстанның хайуанаттар бағыӨңдеу
Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМДелдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы (Алматы хайуанаттар бағы, Шымкент хайуанаттар бағы, Қарағанды хайуанаттар бағы) бар. Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77түр Халықаралық табиғат қорғау одағының,ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қазақстан фаунасында кездеспейтінсүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Аустралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа. өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы,т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы»павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.
Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 ж. құрылған. Жер көлемі 14 га. Зообақта балықтардан:тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі;бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан:айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар;құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден:лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Асқар асқабақпен ауқаттанды. Балалар бəйгеде бəсекелесті. Шахмардан Шынтаспен шайқаста шиіркелесті. Дастан Даниярдың дұрыстығын дəлелдеді. Марат маяны майдалады.
Для этого задания ты должен (-на) был ещё и поставить текст потому что там написано МƏТІНДІ ОҚЫП я бы тебе помогла бы но ты текста не поставил (-а)