Уа, дариға, алтын бесік, туған жер, Қадіріңді бідмей келсем, кеше гөр... Қ. Аманжолов
Шыр етіп дүниеге келген жер, кіндік қаны тамған жер әрқашанда қымбат, әрі ыстық демекші, әркімнің өз туған жері бар. «Туған жердің түтіні де жылы» деген мақалды естіп, көкірегімізге түйіп өскен мен де бір қазақтың баласымын. Туған жер десек көз алдымызға көсіліп жатқан кең дала, сол далада емін-еркін жайылған төрт түлік малдардың елестейтіні сөзсіз. Өйткені, қазақтың негізгі күн көрісінің өзі - төрт түлік малы. Әрбір адамның өз туған жері, елі бар. Сол жер әрдайым сені тартып, сені шақырып, құшақ жайып қарсы алады. Неге бұл жер сені өзіне әрдайым тартып, шақырып тұрады? Мүмкін, сен дүние есігін алғаш рет осы жерден ашқандықтан болар. Қарапайым кішкентай адам бірінші рет күнді көрді, жаңбыр айқайын естіді, мектеп есігін ашты және де сенімді достарын тапты. Бұл ғажап құбылыс емес пе! Қалайша өзіңді бақытты демессің. Менің кіндік қаным тамған елім, жерім - Петропавл қаласы. Осы жерде мен дүниеге келдім, өсіп келем және білім алудамын. Туған жерім мен үшін дүниедегі ең қымбат, сұлу жер. Бәрі де сондай жаныма жақын! Мен үшін керемет қала - Петропавл қаласы. Бұл менің туған жерім және де мен оның бөлшегі ретінде саналамын. Мен де өзімді бақытты деп сезінемін. Өйткені менің туған жерімде өз махаббаттарын сыйлайтын қымбатты ата-анам, қорғап қолдап тұратын аға-әпкелерім, сенімді достарым, әринеде, білім есігін ашқан ұстаздарым бар. Ғажайып сезімдермен мен көшелерімді, кішкентай, тыныш ауламды еске алып жүремін, өйткені қаншама қызық, қаншама керемет естеліктер осы туған жеріңде өтіп жатыр. Әрдайым оқудан оралғанда үстелдегі тәтті тоқаш пен сүт, орман-тоғай, өзен-көлдер - мұның бәрі ұмытылмас балалық шақ, керемет естелік. Туған жердің ғажап әр бөлігі мені сол ұмытылмас уақытқа жеткізеді. Еліміздің барлық байлығы мен үшін қымбат және осы еліміздің байлығын мақтан етемін. Өз еліңді сүю - халқын сүюмен тең келеді. Халық - бұл еліміздің басты байлығы. Қазақ жерінде, бір шаңырақтың астында жүз жиырмадан астам адам еңбек етеді. Біз, әринеде, еліміздегі бірлікті, тыныштықты қолдаймыз. Және де оның барлығы біздің, өзіміздің қолымызда екенін түсінеміз. Туған жерімнің табиғатына келер болсам, оның сұлулығы, әрине, кімді де болсын тамсандырады. Менің елімнің табиғаты шалқар, көз тартарлық бейне перде сияқты. Өзі сондай сәнді киім үлгісі сияқты әр жыл сайын өзгеріп отырады. Күз кезінде ол керемет алтын түске оралады. Айнала сап-сары, керемет көрініс. Қыс айында суық боран, ызғар жел болғанымен табиғат көрінісі сүйкімді. Көктем кезінде құлпырған гүлдердің хош иісі тамсандырып тұрады. Біз көктем сұлулығымен тамсанып жатқанымызда, гүлдер бүршіқ жарып сұлу көрініс береді. Құстардың әсем әуені адамды жақсы сезімге бөлейді. Ал, жаз мезгілі өте ерекше. Айнала қоршаған қалың орман, телберіп, құлпырып, жайнап өскен ағаштары, кеудеңе құйылған мөлдір бұлақ сулары, алтындай ауасына не жетсін, бұл жалғанда?! Шынында да, адам баласы дүниенің қай түкпіріне барсада, туған жерін әрдайым есте сақтайды. Сағына еске алады, қастерлейді, қорғайды - бұл сөзсіз. Табиғат, оның сұлулығы жайлы көп шығарма жазылған. Бұл тақырыпқа өте көп ақын-жазушы тоқталған. Қай ақын болмасын табиғат сырын барынша зерттеп, оқырман үшін жеткізуге тырысады. Ал, кейіпкерлер тыныш қана тындап тұрады. Шынында да, табиғат ән айтып, өмір сүріп жатыр. Адамзат баласы ғана табиғаттың өмір сүру жалғастығының дамуына бар қол үшін беруге тиіс. Табиғаттың келешегіне адам ғана жауапты. Туған жеріміздің, табиғаттымыздың сұлулығы, көркі адамға байланысты. Табиғат түсінігін тереңірек зерттегенде, біз - өз жеріміз, Отанымыз, Қазақстанымыз жайлы айтамыз. Туған жерімізде әрдайым бұлбұл үні, орман шуы, өзен-көлдер дауысы шарықтай берсін! Туған жерім мен үшін қымбат. Мүмкін, сондықтан болар, туған өлкем туралы көп ойланамын. Туған жерімнің өткен өмірі мені қаншалықты қызықтырса, болашақ өмірі көңілімді соншалықты алаңдатады. Сондықтан, осы жерді көркейтугеғ қадірлеп-қастерлеуге ат салысамын. Қаламның болашағы үшін аянбай еңбек етемін, оқу оқып, білім аламын. Туған жерді, елді нығайту – біздің басты парызымыз деп ойлаймын.
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,  Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  Азбайтұғын адамның алтындығы
* * * * *  Учитель – отвага сердца  Учитель – лиризм души  Учитель – теплый луч  Учитель – золотой клад людей.  ____________________________________________________________  Нұр кұйды ма сәби-гүл – әлди елі,  Жүрегіңде қасиет бар киелі...  Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,  Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.
Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,  Тәрбиені үйреттің басқышы көп...  Өнегелі еліне еңбек еттің,  Сәлем берер соңдықтан дос кісі көп.
Азаматқа жүретін балап елім,  Соңдай жұртқа қадірлі адам едің!  Ұл-қыздарын қондырған ұясына,  Мен де Сізді бір тауға санап едім.
* * * * *  В вашем сердце есть доброта. Если учителя обучают деток, вы в свою очередь воспитываете учителей. Уже столько лет вы являетесь руководителем школы. Вы сделали немало хороших дел, поэтому у вас много доброжелателей и друзей. Вы всеми уважаемый человек. И в семье вы женили своих детей, я считаю вас великим человеком!  _____________________________________________________________________  Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –  Жұлдыздары жүректің жетілдіндер бұл күні!  Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,  Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!
Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,  Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!  Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,  Барлығынды кеудеме басып, қысып сүйемін.
Сендерсіндер тірліктің желкілдеген құрағы,  Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!  Тойға ұлассын тойларың – ту қадандар биікке,  Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.
* * * * *  Сегодня вы повзрослели, юные скакуны и звезды золотого гнезда! Кто-то из вас станет акимом, а кто-то ученым! Вы можете достигнуть много и у вас крепкий фундамент! Я поздравляю вас с вашим праздником, голуби мои! Каждого из вас я хочу обнять и прижать к своей груди. На каждого из вас мы возлагаем большие надежды. Пусть в вашей жизни всегда будут праздники, желаем достигнуть высоких вершин. А когда вам исполнится чуть больше тридцати, возвращайтесь к нам, мы все порадуемся за ваши успехи. Мы все желаем вам успехов в вашей новой жизни!
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.