<span>Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз</span>
1)окырмандары 2)м.ж.3)о.ш.
Менің бір күнім.
Мен өзімнің жаздыгүнгі бір күнімді баяндап берейін.Мен өзім жан-жақты адаммын.Көп үйірмелерге барамын.Сондықтан күнімді алдын ала жоспарлауды тырысамын.Себебі,жоспар арқылы күні бойы қойылған тізбектерді үлгеремін.
Таңертең мен сағат тоғызда тұрамын.Жуынып,тамақ ішемін. Жаз болса да,күнімді босқа өткізбеймін.Кітап оқимын,далаға шығамын,саябақтарға барамын. Тоғыздан-онға дейін мен кітап оқимын.Ал сосын далаға шығамын.Сағат бірде үйге келіп,түскі асымды ішемін.Ал сағат екіде мен сурет үйірмесіне барамын.Сағат бесте келіп,үйді жинаймын.Ал жетіде кешкі асымды ішемін.Сосын мен бірнеше уақыт демаламын.Ал сағат онда,мен ұйқыға даярланымын.Осылай менің күнім өтті.