Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану
Сөз, адам қандай да бір сөзді айпас бұрын ойланып алу керек. Жақсы сөз жанды жадыратады, жаман сөз уайымға батырады. Мен бір жақсы өлең оқып едім, одан есімде қалғаны " Сөзден сүрінгеннің басы кететіні, аяқпен сүрінгеннің жарасы жазылатыны баяндалған еді, яғни бір сөзді дұрыс айтпағаны үшін ертеде өлім жазасына кеседі екен. Бұрын қандай да бір адам болмасын, бір ауыз дұрыс айтылған сөзге тоқтайтын болған, ал, біздер қазір сөзді бағаламаймыз, айтқан сөзімізге есеп бермейміз, сөз құдіретін білмейміз.
Әр адам жан-жақты болуы керек.
Қазір ғылым мен техника дамып келеді.