Жарық дүниеге келген әр адамның асыл тегі, өскен ортасы, қимас та қымбат ата мекені болатыны белгілі. Басқаны да түсінемін, алайда менің ата-мекенім әсіресе қымбат сияқты. Өйткені, ол әлем тарихына кірді, әлем картасында белгілеулі. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлыларды дүниеге әкелгені өз алдына, адам баласын қырып-жоюға арналған алапат қарудың дүниеге келуі де менің ата-қонысым, Абай еліне, байланысты... Туған жердің топырағының табы табаныңа батқаннан бастап, оның бар қасиеті перзенттерінің бойына сіңірері шын, олай болса мына бір жүрекжарды сезім шапағатынан туған сырымды саған арнадым.Жетегіне қиял ойдың лезде ерем. Туған жердің тынбай алған тынысын, Осынау қасиетті, киелі өлкемнен аз уақыт болса да ұзап шықсам, өмірімнің бөлінбес бөлшегіндей сезініп, айрықша сағынамын, туған жерімнің өзіне тартар қуат-күшіне табынамын. Сол құдіретіне таңқалып, бір көргім келеді де турады. Өйткені, туған жер әрбір перзентін мәпелеп, мейір-қамқорлығын жаныңа құйған аяулы анаңдай. Түрлі ел мен жерді, қалалар мен ауылдарды аралап көріп жүрсем де, олардың барлығы менің осынау бір шағын ауылыма еш жетпейтін-ді. Мұндай мекенді мүлде көрмеген сияқты күй кешемін. Бәлкім, мен үшін солай шығар! Әлмисақтан бері қарай сенің көрмеген қасіретің жоқ шығар. Ақ қашып, қызыл қуған қырғынды, аштықты, Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен қиыншылықтың бәрін көрдің. Енді ғана бойыңды жазып, еңсеңді көтеріп келе жатқанда, төбеңді қара бұлт қайта басты. Қырық жыл ядролық қарудың зардабын тағы шектің... Міне, осының бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Уақыттың қаншама зобалаңын көрсең де, аспанмен күмбезденіп таласып тұрасың-ау, қарт Дегелең! Алтын бесігім – ата-мекенімнің ұлылығы да осында шығар. Қайырым, қамқорлығы мәңгілік шексіз жерімнің өркені өсе түссе, менің де мерейім биіктей бермек. Құдіретіңнен айналайын, туған жерім!
Саша алманы жақсы көреді.Валя жүзімді жақсы көреді.Дима шабдалы жақсы көреді. Боря алмұртты жақсы көреді. Коля шиені жақсы көреді

Екібастұз - Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды.Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр. Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар зерттелді.Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған.