Ответ:
Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.Әркімге кіндік қаны тамған,туған жері ыстық.Туған жерге туыңды тік.
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компассыз-ақ күнге қарап қайта айналып ұясын таба алады. Керемет инженер сияқты алты бұрыш етіп, геометриялық пішінде бал ұяшықтарын жасайды. Аралар бал ұяшықтарын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда ең аз материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары аралар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданған тәсілі өте таңғаларлық. Аралар бал ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды сосын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем байқалмайды.
ХІҮ ғасырда атақты Жәнібек хан өмір сүріпті. Жәнібек ханның алпыс биі болыпты. Алпыс бидің ішіндегі ең ақылды, кемеңгері, данышпаны Жиренше шешен екен. Жәнібек хан билерін шақырып алып: «Дүниеде не өлмейді?» - деп сұрайды екен. Сонда билер:
Ағын су өлмейді.
Асқар тау өлмейді.
Аспандағы ай мен күн өлмейді
Қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен тұрып:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені,
Қара бұлттың басқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Кешке қарай батқаны.
Қара жердің өлгені,
Алты ай қардың басқаны.
Бұл дүниеде өлмейтін зат жоқ екен, бірақ екі зат мәңгілік.
1-3.
2-1.
3-4.
4-2.
5-6
.6-5
осылай сайкестендиру керек
Эссе о значении языка для человечества