Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының етегінде жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр. Ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның әсерінен, құм төбелер де әрқилы бағытта пайда болады. Кешегі бейнелі суретті бүгін елестете алмайсың. Үнемі құбылып отырады. Жел соққан кезде електен өткендей іріктелген майда құм сусылдап, төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әдемі әуен құлаққа естіледі. Керісінше, жел күшейе соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Бейне құбыжық келе жатқандай күй кешесің.
Табиғат-Ана тудырған осы бір құпиясы мол ғажап әуенді есту үшін бұл жерге адамдар әдейі ат басын бұрады. Мұнда шетелден ағылған туристерді де жиі ұшыратасың. Табиғат тудырған мұндай ғажайып «әнші» ешбір елде жоқ шығар, сірә!
Шешен сөзінің анонимі *сөзге сараң*
Өмір - театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Онда кездескен жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты поездан түсетін жерлері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді.
Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең.
Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе?
Jan жазады "Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр." Бұл сөздің де жаны бар. Осы сайттың күрделілігі де сол болар.
Мен кеше ауылга бардым.
кеше жане ауылга тұрлаусыз мүшелер
Биыл көптеген қызық оқиғалар болды. Сендерге соның қайсысын айтсам екен. Мен бұл мектепке оқу жылының соңында келдім. Сыныптағы оқушыларды толық танымаймын. Бір күні мектеп оқушылары саяхатқа шығатын болды. Менде келдім, бір топқа ілесіп кеттім. Межелі жерге жеткенде бұл топ менің сыныптастарым емес екенін аңғардым. Оларда не болғанын кеш түсінді. Бәріміз үшін бұл бір қызық оқиға болды.