Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Есім негізді етістіктер
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;
-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;
-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;
-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;
-а (-е) жұрнағы;
-ай (-ей, -й) жұрнағы;
-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;
-ар (-ер, -р) жұрнағы;
-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;
-ық (ік) жұрнағы;
-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;
-сын (-сін) жұрнағы;
-сыра (-сіре) жұрнағы;
-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;
-ырай (-ірей) жұрнағы;
тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:
-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)
-шы, -ші
-ан, -ен, -ын, -ін, -н
-ырқа, -ірке
-ырқан, -іркен
-ына, -іне
-қа, -ке, -ға, -ге
-ди, -тый, -ти