Димаштың күшігі бар.Димаштың күшігінің есімі-Актос.Ал Аселдің моншағы бар.Бір күні Аселдің моншағын Димаштың күшігі үзіп алады.Асел бұған қатты ренжиді.Димаш бұдан кейін күшігін өзімен бірге алып жүретін болды.
Дәстүр - дәс - түр
Д-ұяң
ә-дауысты, жіңішке, езулік, ашық
с-қатаң
т-қатаң
ү-дауысты, жіңішке, еріндік, қасаң
р-ұнді
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан.Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.Биік-биік асқар тау,мөп-мөлдір көлдер,неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.Қазақстан жерінде аңдар мен құстар өте көп .Сол жерде біздің ата-бабаларымыз,батырларымыз,ақындарымыз,ғалымдарымыз туып өскен.
Пайда қазбалар Қазақстанның байлығының бірі.Қазақстанда вольфрам,қорғасын,күміс,уран,марганец,алтын,темір,көмір жердің астынан шығарады.
Найман ішінде Қойлыбай деген бақсы, қобызшы болған екен. Ол бала күнінен жындармен дос болған. Олардың ішіндегі ең сенімді жолдасы Қақаман атты жын еді.
Бір күні қалың найман жиылып ас береді. Екі жүз атты бәйгеге қосып, көпшілік Қойлыбайға бәйгеге қобызын қосуды айтады. Барақ батырдың өзі Қойлыбайдан сұраған соң, Қойлыбай бәйгеге қобызын қосады. Бәйге алдында балалардың ішіндегі ептісіне көзі түсіп, оған қобызын сексеуілге байлап кетуін тапсырады. Бәйге басталып, кіл жүйрік даланы дүбірлете шапқанда бала қобызды сексеуілге байлайды. Бәйге басталысымен-ақ Қойлыбайдың бойын күш кернеп, қолындағы қылышын қобыз етіп ойнап, күллі даланы күңірентіп, азынатады. Қызыл жел тұрып, дауылдан ештеңе көрінбей кетеді. Аузынан ақ көбік ағып, қалш-қалш еткен Қойлыбайдың сенгені Қақаман жын еді. Ол жолдасының сенімін ақтайды. Бір сәтте межеге жақындаған аттар қарасы көрінеді. Ішінде топ жарып Қойлыбайдың қобызы келеді. Қақаман жын қобызды сексеуілімен бірге жұлып алып, жүйріктердің алдын бермеген еді.