Менің сүйікті жануарым - мысық. Ол үй жануары. Мысығымның аты - Мурсик. Мысығымның түсі сұры. Мысығым сүт ішіп, ет жегенді жақсы көреді. Мен мысығымды доппен, ойыншықпен ойнауға үйреткенмін. Ол анам киім тоқып жатқанда тоқыма жіптерімен ойнағанды ұнатады. "Бақпасаң мал кетеді,
<span>Қарамасаң әйел кетеді" демекші мен өз мысығымды сабаққа кеткенде анамның қарауында қалдырамын.</span>
- Сәлем!
-Сәлем!
-Не істеп отырсын?
- Қазір маған досым хабарлауы тиіс, соны күтіп отырмын.
-Менің байқауымша сен телефоннан түспейсін өзі.
- Қазіргі заман солай ғой. Телефонсыз өмір жоқ. Пайдасы көп...
- Иә, шыныменде! бірақ ұялы телефнның зияны да
бар. Ұялы телефон қолданған кезде: есте сақтау қабілеті
нашарлайды, танымдық қабілеті төмендейді, балалрдың көбісі ашуланшақ, шаршауық,
жүйкесі тез құриды. Ұялы телефонмен көп сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы мүмкін.<span> Сол себепті телефонда көп отыра берме!
-Жақсы, рахмет! енді күні-түні отырмайтын боламын)</span>
Атау жұлдыз
Ілік жұлдыздың
Барыс жұлдызға
Табыс жұлдызды
Жатыс жұлдызда
Шығыс жұлдыздан
Көмектес жұлдызбен
Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?
"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?
Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.
мақал мател
Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) о жизни и смерти
Көңіл жақсы болғаны –
өмір жақсы болғаны.
Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өзен ағысын бөгеуге болады,
өмір ағысын бөгеуге болмайды.
Өмір озады, ажар тозады.
Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.
Өліспеген көріседі.
Өлімнен басқаның бәріне асық.
Мысықтың өлімі – тышқанға той.
Өлім байдың малын шашады,