Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Жылы жака кустардын бари ушады
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
Полиглот
Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды. Жер шарында полиглоттар өте көп. Мысалы атақты ойшыл, ғұлама Әл - Фараби жетпіс тіл білген. Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеуші, географ Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.
Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері.Сондықтан әр жасөспірім бір шет тілін меңгеруі міндет.
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.