Қос бәйтерек достығы
Достық адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашанкөптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі. М.Шаханов жүрегіне ең жақын жолдас бола білген бір тұлғаны ерекше атап өткен. Ол тұлға - Қырғызстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекетқайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері - Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов еді. Берілген эсседе түрік халықтарының ең жарық екі жұлдыздары Ш. Айтматов пен М.Шаханов арасындағы адал достық, өзара қолдау мен өмір жолдары жайлы ой қозғалады.
Шыңғыс Айтматов әлемдік деңгейдегі жазушы. Бірақ, соның ішінде қазақ халқына ерекше жақындығыменмақтана аламыз. Оның бірінші себебі, ақын қазақ ауылына көршілес өңірде дүниеге келіп, қоян-қолтық араласып өскен. Екіншіден, осының әсерінен көптеген шығармаларында қазақ мәдениетіне жақын рөлдер сомдалған. Оған жазушының әлемге танымал еңбектерінің бірі «Жәмила» дәлел бола алады. Үшіншіден, Ш.Айтматовтың қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалымы М.Әуезовты пір тұтуы қазақ халқына деген ерекше ықыласын көрсетеді.