Сөзжұмбақ түрлері өте көп екені белгілі, олар көбінесе жасау жолдары бойынша ерекшеленеді. 1-сынып оқушылары үшін сөзжұмбақ жасаудың ең жеңіл түрі ұсынылады. Бұл – сөзжұмбақ алаңына толтырылған әріптер арасынан жасырылған сөзді табу. Сөзжұмбақтың мұндай түрі «филлворд»деп аталады. Бұл сөзжұмбақты жасаудың да бірнеше жолдары бар. Сондықтан ең жеңіл жолын таңдаған жөн. Бұл – сөзжұмбақта жасырылған сөздерді айналасындағы суреттер бойынша табу (бояп көрсету). Ол үшін мұғалім оқушыларға өткен бөлім бойынша сөзжұмбаққа жасыруға ыңғайлы болатын бес-алты сөзді тақтаға жазып қояды. Оқушыларға көлденеңінен және тігінен он торкөзден тұратын дайын сөзжұмбақ сызбасы таратылады. Оқушылар осы торкөздерге тақтада жазылған сөздерді тігінен немесе көлденеңінен орналастырып жазып шығады. Бос қалған төркөздерге кез-келген басқа әріптерді толтырады. Содан кейін сөзжұмбақтың айналасына жасырылған сөздердің суретін салады немесе қиып алып жапсыруларына болады. Сөзжұмбақты оқушылардың өздеріне жасату олардың шығармашылық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сөзді әр торкөзге бір-бір әріптен жазу арқылы оқушылардың бұл сөзді тезірек есте сақтауына мүмкіндік туады, олардың суретін беру жасырылған сөздерді бейнелі түрде есте сақтауларына зор ықпал етеді. Төменде бірінші бөлім бойынша таңдап алынған сөздерді (олар белсенді сөздік қорға енетін және суретті түрде беруге жеңіл болатын сөздер болуы қажет) сөзжұмбаққа жасыру үлгісі ұсынылған.Бірінші қадам: сөзжұмбақта жасырылатын сөздер тізбегімен таныстыру (кітап, доп, қызыл, үш , тоғыз)Екінші қадам: сөзжұмбақ сызбасын тарату.Үшінші қадам: дайын сызбаға сөздерді жазып шығу.
<span>Аққу – суда жүзетін ең ірі құс. Оның сұлулығы бір төбе болса, өмір сүру тәртібі мүлде бөлек әңгіме. Олай дейтініміз, аққу – жұп болып өмір сүретін жаратылыс. Әр жұп өзіне лайық аймаққа қонып, мекенін сырт көзден қорғайды. Аққу суда дауыс көтермей, тыныш қана жүзеді. Топ болып ұшатын аққуларды ең мықтысы бастайды. Көшбасшы аққу шаршағанда, оны екінші аққу алмастырады. Салмағы ауыр болғандықтан, аққудың қонуы оңай емес. Сондықтан да олар жерге емес, суға қонады. Қорегі – су өсімдіктері мен су жәндіктері.
</span>Аққу өзі таңдаған серігіне өмір бойы адал болып өтеді. Серігінен айырылған аққу өз-өзін биіктен төмен қарай тастап өледі деседі. Бірақ бұл тұжырымды ғалымдар растаған жоқ. Ал аққулардың өз жұбын бір рет қана таңдайтыны дәлелденген. Міне, осы себептен де аққу - адал, пәк махаббат белгісі делінеді. Бір-біріне иілгенде жүрек пішінін жасайтыны - табиғаттың таңдай қақтыратын ғаламат шеберлігі. Аққу – киесі бар қасиетті құс. Атам қазақ "аққуды атпа, досыңды сатпа" деген өсиет қалдырып кеткен.
Ерекше сұлу тіршілік иесінің 7 түрі бар.
Шырағым,көмегіңе көп раxмет!.Шіркін-ай, балалық шаққа не жетсің!. Оның пікірінше, бұл ең дұрыс шешім.
Ауыл маңындағы жиынға қырық-елуДЕЙ адам келді.
Әсел алпыс жетпістей сұраққа жауап берді.
Анам үйге төрт бестей алма әкелді.
Мен отбасыммен айына. алты жетідей қыдырам
Біздің ел тәуелсіз әрі дамыған елдердің арасында.Ол атақ біздің ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының арқасында.Елбасымыз өте мейірімді,ақыды,қамқор.Қазір біздің тату әрі бақытты өмір сүруіміз осы елбасымыздың біліктілігі.