ҚысҒабиден ҚұлахметҚыс қандай әсем еді, қара, далам, Бір арман-ақ боз жеккен шана маған. Ағызып жұлдыздайын Дүниенің Не жетсін күніне бір аралаған.
Қар қандай! Қарып көзді шағылады, Жамылған тау, даласы, бағы-бәрі.
Тоқтау жоқ, Кедергі жоқ Аппақ дүние! Жер үсті аппақ нұрға малынады. Күн ұзын жапалақтап тынбады қар, Астында ақ мамықтың тұрғаным бар. Ақ төсін жайып салып жатыр дала, Кеудемде сол даланың ырғағы бар.
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде <span>бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Күз мезгілі келді, Жемістерін беріп түр. Жапырақтар сарғайып, Құс атауы көшіп тұр. </span>