Менің сүйікті кітабым "Қазақ ертегілері" Ертегілер мені қиял ғажайыптарға жетелейді.Кітапты оқып отырып сол таңғажайыптың ішінде жүргендей боламын.Еш қашанда оқып отырғанда зерікпеймін. Керісінше мені кейіпкерлермен бірге ұзақ сапарларға алып кетеді.Оқып болғаннан соң ертегідегі батырдай болып елімді қорғағым келеді. Ақылды болып жетім-жесірге қайрымдылық жасасам деймін. Менің бойыма кітап оқу арқылы қайрымдылық, өжеттік қасиеттері сіңе бастады. Мен сондай кереметтерді армандайтын болдым. Сондықтан оқыған ертегілерімді басқа балаларға айтып беремін.Ойым олар да мен сияқты армандаса екен.
Жұрнақтың 2 түрі болады. 1- сөз тудырушы, 2- сөз түрлендіруші.
Жалғаудың 4 түрі болады. 1- көптік, 2- септік, 3- тәуелдік, 4- жіктік.
1) Мұхтар Мағауин -тарихшы, көрнекті жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым.
2)Ол 1940 жылы 2 ақпанда туған
3) Мұхтар Мағауин қ
Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
4) <<Тарлан>> сыйлығының лауреаты атанған
1. Мәтін — бір тақырып төңірігіндегі біріккен ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
2. Сөйлем - сөзден құралады. Мәтін -сөйлемнен құралады.
3. Абзац- жаңа жолдан бастап жазуда оңға карай жасалған шегініс.
4. Абзац - мәтінде жаңа ойды жеткiзу
кезінде колданылады.
5. Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң.
Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 ж., ал Балқаш жағалауында 1948 ж. атылған.
Range of the tiger including the western part 1900 and 1990
Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).
Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2 – 3 күшік туады, оларды 5 – 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 ж. жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды[3]. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12 - 13-ғасырларда Тоқтамыс хан соқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.[4]