Мәдениет және өнер
қызметкерлерінің күні
қарсаңында аудандық
балалар кітапханасында
аудандық мәдени-демалыс
орталығының қызметкері,
танымал талант Тимур
Тапаловпен «Сыр сұхбат»
кездесу кеші өтті.
«Сыр сұхбатқа» шақырылып
отырған Тимур Тапалов –
облыстық, халықаралық
конкурстардың жүлделі
орын иегері, классикалық
туындылардың шебер орындаушысы, талантын мен деген мықтылар
мойындаған Тасқала түлегі.
Жас оқырмандар әншіге түрлі сұрақтарын қойып, «тірі» дауыста әндерін тыңдады.
Қырық бес минуттық шара барысында кеш кейіпкерінің балалық шағына саяхат
жасалып, репертуар таңдаудағы талғамы, қызығушылықтары әңгімеге арқау болды.
Бақсақ, әншіміз сазсырнайда ойнап, құмай баптайды екен.
Кейіпкердің болмысын ашқан, шараның мәнін асырған ұстазы Бәтима Қайырғалиева
болды.
– Мен білетін Тимур сезімтал бала. Төменгі класта «Іңкәрім менің» тақырыбында
шығарма жаздырған едім. Бұл тақырыпты әркім өзінше тарқатыпты. Сонда Тимур
анасы туралы жазған екен. Ананың ақ сүтін ақтауды борыш санайтын бала екен деп
бір сүйсініп қалдым. Тағы бір шарада Мұқағалидің «Махаббат мұңы» деген өлеңін
оқыттым. «Түу, апай,әй! Махаббат деген қасіреті, қасиеті бар сезім екен ғой» деп еді.
Осы сөзімен де асқан сезімталдығын, жүрегінің жұмсақтығын аңғартқан еді.
Аудандағы шара біткен Тимурсыз өтпейді. Қатысқан байқау, конкурстарынан құр қол
қайтпайды. Ұстазы ретінде қуаныштымын. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді, ұстаз біткен
осындай мақтаулы шәкірттерімен пұлды. Тимурдың шыққан биігін «менің де биігім»
деп танимын. Алдағы уақытта да шәкірттерімнің тек жеңістерін көргім келеді,-деді
сөз алған Бәтима Зейнешқызы.
Тимур әріптесі Айбек Каховтің гитарада сүйемелдеуімен тамылжыта ән шығарған
кештің көрігін қыздырды.
– Біздің балаларымыз өз өлкеміздің таланттарын танымаса да, мұхиттың арғы
жағындағы Наоми Кэмпбелл, Мадоналардың өмірбаянын жатқа біледі. Осы тұрғыда
ауданымызға аттары танымал адамдармен осындай сыр сұхбаттар өткізіп,
таныстыруды жөн деп таптық, -дейді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
Елена Мусина.
Шараға белсенді қатысқан жас оқырман да марапатсыз қалмады. Әншінің қолтаңбасы
бар кітап тарту етілді.
ОКЖ балалар мен жасөспірімдер әдіскері Гүлнар Мурзекеева бастамашы болған осы
бір игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сенеміз.
1.Жел бар жерде сел бар.
2Желмен келген желмен кетеді
3.Желмен жарыспа,көлеңкені қума.
4.Жел болмаса, шөп басы қимылдамас.
5.Жел дауыл шақырады, бұлт жауын шақырады.
Тіршілік етеді синоним-тірі,өмір сүреді
тіршілік етеді антоним- өлі,жансыз деген мағыналарда
Ответ:
Әкем,інім және мен күрек алып,ағаш отырғызуға бардық.Әкем жерді қазды.Ал,інім екеуміз ағашты ұстап тұрамыз.Бұл ағаш өлсенде үлкен қара ағаш болады.Мен бұл ағашқа "Отбасым"деп ат қойдым.
Мүшел жас-адам өмірінің үлкен бір белесі. Бұрын ата-бабамыз он үшінде ақыл-ойы жетіліп, оң-солын тани алатын қабілетке ие болады деп таразылаған.Бұл кезең алғашқы мүшел болып есептеледі. Қазақ үшін оның орны ерекше. Себебі, әр он екі жыл сайын қайталанатын мүшел жасты өте қасиетті санайды. Мәселен, 25-ке толғанда екі, 37-ге келгенде үш, 49-ға жеткенде төрт, 61-ден асқанда бес мүшел деп есептеледі. <span>Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.</span>