Кане кайсы жерге койамыз тисти создерди
E-mail - электронды пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мəтінін теріп, белгілі электронды мекенжайға жіберсеңіз болғаны. Осылай достарыңызбен , сыныптастарыңызбен арласуға болады
Бүгін менің туылған күнім. Менің отбасым маған үлкен сыйлық дайындады. Олардың сыйлығы: інім маған арнап өлең жазыпты. Оның өлеңі жүрек түбінен шыққан, бауырдың апасына деген ақ тілектері әр шумақтан айқын көрініп тұр. Әкешім үлкен торт сыйлады. Анашымның пісірген бауырсағы барлығымызға ұнайтынын білгендіктен, бүгінгі мерекелік дастарғанда анам пісірген ақ бауырсақ болды. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай менің туылған күнім аяулы отбасыммен бірге, ақ дастархан басында тойлануда.
Айналамызға қарасақ, табиғат көркі — ағаш екенін көреміз.
Ал адамдар осыны біле тұра жас ағаштарды отынға кеседі. Барлық ағашты отынға пайдалану үшін кесіп тастасақ, көктемде табиғат көріксіз болып тұрмай ма? Сондықтан ағаштың барлығын кеспей, оларға күтім жасау керек.
Ағаштың бізге тигізер пайдасы өте көп. Ағаш болмаса таза оттегі бізге қайдан келеді?
«Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы?
Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Соны ұмытпайық.
Біз дене шынықтыру сабағында жүгіреміз және ойнаймыз.