Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!<span>Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.</span>
Уайым түбі теңіз,
Батасың да кетесің.
Тәуекел түбі қайық,
Мінесің де өтесің.
Меня зовут Кожа— детский художественный фильм, снятый в 1963 году режиссёром Абдуллой Карсакбаевым на киностудии «Казахфильм» по одноименной повести Бердыбека Сокпакбаева.
Премьера фильма состоялась 19 мая 1964 года (Москва).
Сюжет
Фильм повествует о 11 летнем казахском мальчике по имени Кожа́, любознательном и добром, с открытым и решительным характером, постоянно попадающем в разные, то невинные, а порой и скверные истории.
Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне мінген адам есіреді.
Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң тереңірек шешіледі.
/Ат/.
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Қлінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
/Мінген ат/.
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.
/Аттың екі құлағы мен төрт аяғы/.
Ана таумен мына тау соғысып келеді.
/Аттың төрт тұяғы/.
Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.
/Аттың тұяғы/.
Алды қияқ, арты шалғай.
/Аттың жалы/.
Ұштым,ұжмаққа шықтым,
Тептім, терекке шықтым.
/Атқа міну/.
Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.
/Аттың тезегі/.
Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
/Желідегі биені емген құлын/.
Төртеу келеді,
Төртеу асылып тұрады,
Екеу жол көрсетеді,
Екеу иттен сақтайды,
Енді біреу артында асылып тұрады.
/Сиыр/.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
/Сиыр/.